2025 жылғы ҚР Жастар Кубогын өткізу күндері мен орындары белгілі болды.
Биылғы жылы Түркістаннан жаңадан келген «Туран Тайгерс» ойыншыларын қоса алғанда, 11 ұжым бас олжа үшін күресетін болады. Өткен маусымның рейтингіне сәйкес барлық командалар үш топқа бөлінген. Турнирдің басталуы 31 тамызға жоспарланған.
«Барыс» жастар командасы А тобында ойнайды, оның матчтары Астанада «Барыс» СК мұзында өтеді (Қажымұқан көшесі 9). Мұнда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алу үшін «Астана», Теміртаудан «Қармет» және Рудныйдан «Горняк» күресетін болады.
Алдын ала турдың қорытындысы бойынша Кубок үшін күресті жалғастыратын төрт команда анықталады. Турнирдің финалдық бөлімі Өскеменде 6 және 7 қыркүйекте өтеді.
Алдын ала кезеңдегі «Барыс» жастар командасының ойын кестесі:
31 тамыз сағат 13:00-де «Барыс» - «Қармет»;
2 қыркүйек сағат 19:00-де «Горняк» - «Барыс»;
3 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана» - «Барыс».
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.