Қазақстан кубогы. Номад топтық кезеңді жеңіліспен аяқтады
19 Тамыз 2026

Қазақстан кубогы. Номад топтық кезеңді жеңіліспен аяқтады

«Номад» үшін бүгін Қазақстан кубогы аясындағы топтық кезеңнің соңғы, төртінші ойын күні өтті. Номиналды қонақ ретінде команда турнир қожайыны – «Торпедомен» кездесті. Константин Пушкаревтің ойыншылары 2:6 есебімен жеңіліс тапты.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ тартысты әрі эмоцияға толы хоккей болатыны байқалды. Бірінші кезең қақтығыстар мен айдыннан қуылуларға бай болды. Осы аралықта «Номад» 24 минут, ал «Торпедо» 11 минут айып уақытына ие болды. Команда сапында Николай Шульга мен Әділ Бейсембаев гол соқты. Сонымен қатар Бейсембаев алғашқы голда нәтижелі пасымен де көзге түсті.

«Торпедо» – «Номад» 6:2 (1:0, 2:0, 3:2)

1:0 – 15:47 – Гусейнов (Гатиятов, Рыжий)

2:0 – 21:55 – Гусейнов (Гатиятов, Бутенко) АГ

3:0 – 24:55 – Хорошев (Алдабергенов, Панченко)

4:0 – 43:16 – Данияр (Гатиятов)

4:1 – 47:12 – Шульга (Цыбин, Бейсембаев)

5:1 – 48:45 – Гусейнов (Бутенко, Гатиятов) АГ

6:1 – 56:28 – Алдабергенов (Прохоров, Панченко)

6:2 – 59:10 – Бейсембаев (Никитин, Королёв)

Қақпашылар: Осокин – Шестаков (Пермяков, 46:03–60:00).

IMG_1103.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

video-preview
Barys

Спартак мен Барыс командаларының жеңіске жету бөлмесі

new-preview
Barys

Барыс буллиттер сериясында Спартактан басым түсті

new-preview
15 фото
Barys

Спартак - Барыс