«Снежные Барсы»Туладағы маусымалды жарысқа дайындықтарын жалғастыруда.Бұл турнир жаңарған құрам үшін дебюттік және маусымаралық жарыс болмақ. Жаңа құрамның күшін сынап көруге таптырмас мүмкіндік. Бұған дейін Антон Васиннің шәкірттері Қазақстанның ересектер чемпионатында ойнайтын «Номад» және «Алматы» клубтарына қарсы бақылау ойындарын өткізген.
Команданың бас бапкері Антон Александрович mhl.ru сайтына берген сұхбатында: « Құрамның басым бөлігі жаңа ойыншылар. Түрлі қаладан келген хоккейшілер сынақ келісімшарты негізінде бақ сынап жүр. Қазір бізде алты жарым құрам бар, алайда Туладағы турнирде 80 пайыз ықтималдықпен маусымда ойнайтын негізгі құрам анықталады. Ол жаққа бес құрам барады, әр кездесуде ойыншыларды қарап, ротация жасаймыз. Барлық жігітттер ынталы, барлық талаптарды орындап жүр».
Турнирдегі алғашқы қарсылас алаң иелері «Михайлов Академиясы». Сондай-ақ астаналықтар Батыс дивизионының өкілдерімен де күш сынасады.
Бүгінгі кездесу Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Барлық ойындардың тікелей көрсетілімін ресми BARYS TV YouTube арнасынан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.