КХЛ-дың 2025/26 жылғы маусымындағы тұрақты чемпионаттың алғашқы айындағы «Барыстың» ойынын қорытындылаймыз. Бұл айдар клубтың серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының» қатысуымен дайындалды.
Қыркүйек айында «Барыс» 10 матч өткізді. Астаналықтардың қоржынында 5 жеңіс және негізгі уақыттан тыс бір жеңіліс бар. Бұл нәтиже 11 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Соның арқасында Михаил Кравецтің шәкірттері 1 қазан күнгі жағдай бойынша Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.
Осы кезеңде қарсылас қақпасына 27 шайба соғылды (орта есеппен әр ойында 2,7 гол) – бұл Шығыстағы алтыншы көрсеткіш. Ең ірі жеңіс 15 қыркүйекте өз алаңында өткен мәскеулік «Динамоға» қарсы кездесуде тіркелді (5:2).
Команда қақпасына 26 шайба жіберілді (орта есеппен 2,6 шайба) – бұл конференциядағы бесінші нәтиже. Дегенмен қорғаныста үздік саналатын кейбір клубтар әзірге аз ойын өткізді. Ең ірі жеңіліс 18 қыркүйекте Магнитогорскіде тіркелді – Шығыстың қазіргі көшбасшысы «Металлургтен» 1:5 есебімен ұтылды.
Қыркүйекте Кравецтің шәкірттері 47 мүмкіндіктің 7-еуін голға айналдырды (14,9%) – бұл Лигадағы 18-орын. Ал қарсыластың көпшілігін бейтараптандыру көрсеткіші бойынша «Барыс» чемпионаттағы үздік команда болып тұр. Аз құрамда ойнағанда қарсыластардың 36 мүмкіндігінен небәрі 3 гол жіберілген (91,7%).
10 матч қорытындысы бойынша команданың үздік мергені әрі бомбардирі – Майкл Веккьоне. 88-нөмір әзірге жалғыз ойыншы, 10 (4+6) ұпайлық межеге жеткен.
Джейк Масси (2+6) маусым басынан бері КХЛ-дағы қорғаушылар-бомбардирлердің үздік бестігіне кірді. Қазіргі сәтте ол өз амплуасындағы командаластарынан ең нәтижелісі. Сондай-ақ, Масси - командадағы ең көп қарсыластың соққысын тосқан ойыншы (22).
Қыркүйектегі ойындардың басым бөлігінде қақпаны Андрей Шутов қорғады (мұз айдынында 451 минут). Орта есеппен ол бір ойында 3,19 шайба өткізді, соққыларды қайтаратын көрсеткіші 90,7%.
Эмиль Галимов – алғашқы айдың қорытындысы бойынша команданың ең пайдалы ойыншысы. Оның көрсеткіші +4 болды. Сонымен қатар, ол чемпионаттың басынан бері алты ойын қатарынан ұпай жинап, ең ұзақ нәтижелі серияны тіркеді. Бұл серия Минскіде өткен «Динамомен» сырт алаңдағы ойында үзілді, дәл сол кездесуде «Барыс» маусымда алғаш рет қарсылас қақпасын дәл таба алмады.
Райли Уолш – астаналықтардың ойын уақыты бойынша көшбасшысы (орташа – 22:59) және ең көп күш қолданған ойыншы (17).
Ансар Шайхмедденов – орталық шабуылшылар арасында ең үздік көрсеткішке ие. Ол 136 лақтырудың 74-інде жеңіске жетті (54,4%). Бұл тұрғыда Майкл Веккьонені де ерекше атап өткен жөн – ол кей кездері әріптестерін алмастырады. Веккьоненің көрсеткіші: 27 лақтырудың 21-інде жеңіске жеткен (77,8%).
Қыркүйектегі үйдегі 7 матчын 59 175 жанкүйер тамашалады (орта есеппен ойын сайын 8 454 көрермен). 13 қыркүйекте Минскінің «Динамосына» қарсы ойында маусымдағы алғашқы аншлаг тіркелді – бұл кездесуді 11 626 жанкүйер тамашалады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.