Барыс тағы да буллит сериясында Сібірге есе жіберді
14 Қазан 2025

Барыс тағы да буллит сериясында Сібірге есе жіберді

«Барыс» өз алаңындағы сериясын «Сібір» командасына қарсы кездесумен жалғастырды.

Шабуыл шебінде жарақат алған Максим Мұхаметов пен Эмиль Галимовтың орнына Роман Старченко мен Вячеслав Колесников шықты. Қорғаныста Дмитрий Бреустың орнына Адиль Бекетаев құрамға енді. Қақпаны Андрей Шутов қорғады.

Астаналықтар ойынды қарқынды бастады және алғашқы кезеңде қарсыласты екі рет қапы қалдырды. Алдымен артықшылықты пайдаланып, Самат Данияр маусымдағы алғашқы голын соқты. Көп ұзамай Тайс Томпсон қарсылас қақпасы алдында екінші соққысымен есепті еселеді.

Новосібірліктер күтпеген, бірақ нәтижелі шабуылдың арқасында есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен, Владимир Ткачёвтың соққысынан кейін шайба бірнеше рикошет жасап, ақыры Андрей Шутовтың қақпасының артына барып түсті. Қарсыластың бұл шабуылынан кейін алаң иелері қысқа уақыт ішінде тағы екі шайба жіберіп алды. Бұл жолы Владислав Кара артық құрамда ойнап көзге түссе, Скотт Уилсон тағы бір дәл соққымен ерекшеленді.

Соңғы кезеңнің басында «Барыс» ұзақ шабуыл ұйымдастырып, Райли Уолштың дәл соққысының арқасында есепті теңестірді. Бұл матчтағы соңғы гол болды. Негізгі және қосымша уақыт тең нәтижемен аяқталған соң, жеңімпаз буллит сериясында анықталды. Бұл жолы да «Сібір» ойыншылары дәл орындап, жеңіске жетті.

16 қазанда Михаил Кравецтің ойыншылары өз алаңында «Авангардты» қабылдайды.

«Барыс» – «Сибирь» 3:4 Б (2:0, 0:3, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 – 10:59 – Данияр (Савицкий)

2:0 – 15:01 – Томпсон (Қайыржан, Уолш)

2:1 – 28:14 – Ткачёв (Уилсон)

2:2 – 33:48 – Кара (Чехович, Неколенко) АГ

2:3 – 34:27 – Уилсон (Ткачёв, Аланов)

3:3 – 43:12 – Уолш (Веккьоне, Симонов)

3:4 – 65:00 – Уилсон

Қақпашылар: Шутов – Красоткин

«Барыс Арена». 5 022 көрермен.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_5824.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь