Барыс тағы да Нефтехимиктен ұтылды
03 Қараша 2025

Барыс тағы да Нефтехимиктен ұтылды

Қарашаның алғашқы матчында «Барыс» Астанада «Нефтехимикті» қабылдады. Алаң иелері сапына жарақатынан айыққан Алихан Асетов қайта оралды. Ал америкалық жаңадан қосылған ойыншы Макс Уиллман ҚХЛ-дегі алғашқы ойынын өткізді. Бапкерлер штабы қақпаны қорғауды Адам Шилге сеніп тапсырды. 

Ойынның алғашқы он минутынан астам уақытында «Барыс» қарсылас аймағында ұзақ уақыт бойы шайбаны бақылап, белсенді позициялық шабуылдар жасады. Алайда біраз уақыттан кейін нижнекамдықтар ойынды өз қақпаларынан алшақтатып, артықшылықта ойнау мүмкіндігін алды. Қонақтар бұл артықшылықты пайдалана алмағанымен, бірақ осы сәттен кейін қарсыластың ойыны бұзылды. 

Екінші кезеңнің басында шайба Филипп Долгановтың қақпасына түскен еді, бірақ төрешілер жоғары көтерілген клюшкамeн ойнағаны үшін голды есептемеді. Үш минуттан кейін ережеге сай голды қонақтар соқты –  Игорь Гришин командасына сәттілікті Никита Хоружев қатысуымен жасалған контршабуыл әкелді. Көп ұзамай Андрей Белозёров артықшылықты пайдаланып, тағы бір шайба соқты. Осы сәттен кейін «Барыс» оянды, қатарға оралған Асетов Кирилл Панюковқа тамаша пас беріп, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ араға 61 секунд салып Белозёров дубль жасады. Дінмұхамед Қайыржан қарсы аймақтағы сәтті пайдаланып, есеп айырмасын қайта бір шайбаға дейін қысқартты.

Соңғы кезеңде бұрынғы командасына қарсы Иван Николишин мергендік танытты. Ал соңғы нүктені сол Белозёров қойды. 5 қараша күні Михаил Кравецтің ойыншылары өз айдындарында «Салават Юлаевпен» кездеседі.

«Барыс» - «Нефтехимик» 2:5 (0:0, 2:3, 0:2)

0:1 – 23:35 – Хоружев (Точилкин)

0:2 – 25:26 – Белозёров (Юртайкин, Федотов) АГ

1:2 – 26:12 – Панюков (Асетов)

1:3 – 27:13 – Белозёров (Юртайкин)

2:3 – 33:01 – Қайыржан (Савицкий)

2:4 – 47:52 – Николишин (Хоружев, Шафигуллин) АГ

2:5 – 51:57 – Белозёров (Федотов, Юртайкин) АГ

Қақпашылар: Шил - Долганов

«Барыс Арена». 5 032 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі –«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_2641.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь