Барыс маусымда үшінші рет Салават Юлаевқа есе жіберді
10 Қаңтар 2026

Барыс маусымда үшінші рет Салават Юлаевқа есе жіберді

«Барыс» жаңа жылдың алғашқы сырт алаңдағы сериясын Уфада жалғастырды. Батырлан Мұратов пен Кирилл Ляпуновтың орнына астаналықтардың бапкерлік штабы ойынға Эмиль Галимов пен Семён Симоновты қосты. Адам Шил екінші матч қатарынан ойын басынан шықты. 

Алаң иелерінің жылдам соққан шайбасы –  Егор Сучков ойын басталғанына 60 секунд өткенде көзге түсіп, ойын барысын айқындап берді. Всеволод Логвиннің бес минуттық айып алаңына жіберілуі жағдайды қиындатуы мүмкін еді, алайда астаналықтар төтеп берді, ал Адам Шил осы сәтте бірнеше әсерлі сейв жасады. Бастаманы қолға алған «Барыс» Дінмұхамед Қайыржанның дәл соққысымен есепті теңестіріп, одан кейін алты минут қатарынан артықшылықта ойнады. Алайда артықшылықты пайдалану мүмкін болмады.

Қорытынды кезең уфалықтардың пайдасына шешілді. Евгений Кузнецов кейінге қалған артықшылықта шайба соқса, матчтағы соңғы нүктені оның аттасы Максим Кузнецов қойды. 12 қаңтарда қазақстандық команда Екатеринбургте «Автомобилистпен» кездеседі.

«Салават Юлаев» - «Барыс» 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)

1:0 – 01:00 – Сучков (Кузнецов Е., Жаровский)

1:1 – 26:43 – Қайыржан (Әсетов, Бреус)

2:1 – 45:14 – Кузнецов Е. (Ремпал, Жаровский)

3:1 – 53:37 – Кузнецов М. (Горшков, Ефремов)

Қақпашылар: Вязовой – Шил

«Уфа-Арена».  8522  көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Руслан Оспанов Торпедоға жалға берілді

new-preview
Barys

World Stars құрамасы Кравец пен Шилмен бірге төртінші орын алды

new-preview
Barys

Кравец пен Шилдің World Stars командасы үшінші орын үшін матчта ойнайды