Бірінші арна Кубогына байланысты болатын үзіліс алдындағы соңғы ойында «Барыс» Астанада «Сібір» командасын қабылдады. «Спартакты» жеңгеннен кейін жергілікті команданың жаттықтырушылар штабы құрамда тек екі өзгеріс жасады. Тамирлан Гайтамировтың орнына жетінші қорғаушы болып ҚХЛ-де дәл екі ай бойы мұзға шықпаған Бейбарыс Оразов тіркелді. Ал қақпаны бастапқы соққыдан бастап Андрей Шутов қорғады.
Есеп ойынның ортасында ашылды. Қонақтар алаңнан шығу кезінде қарсыластың қателігін пайдаланып, Вячеслав Лещенко жақын қашықтықтан шайбаны дәл көздеді. Үзіліске дейін Дінмұхамед Қайыржанның тамаша мүмкіндігі болды, бірақ ол шайбаны қақпа маңдайшасына бағыттады. Ұзақ уақыт бойы новосібірліктер минималды басымдықты сақтап тұрды. Дегенмен матчтың соңында «Барыстың» қақпашысыз жасаған финалдық шабуылы нәтижесін берді. Мэйсон Морелли артықшылықта көзге түсіп, ойынды овертаймға жеткізді.
Қосымша уақытта алаң иелері кемінде екі жүз проценттік сәтті мүлт жіберді. Ал буллит сериясында тағы да «Сібір» ойыншылары дәлірек болды. 16 желтоқсан күні қазақстандық команда Екатеринбургте «Автомобилистке» қарсы ойнайды.
«Барыс» - «Сібір» 1:2 Б (0:0, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)
0:1 – 28:24 – Лещенко (Неколенко)
1:1 – 58:26 – Морелли (Томпсон, Уолш) АГ
1:2 – 65:00 – Уилсон (буллит)
Қақпашылар: Шутов - Красоткин
«Барыс Арена». 8 274 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.