Барыс буллиттер сериясында Сібірден жеңілді
05 Қазан 2025

Барыс буллиттер сериясында Сібірден жеңілді

Қазан айындағы алғашқы сырт алаңдағы ойында «Барыс» Новосибирскіде «Сібір» командасымен кездесті. Астаналықтардың жаттықтырушылар штабы құрамдағы барлық үштіктер мен жұптарды айтарлықтай өзгертті. Бұл бірінші үштікке тіркелген Роман Старченко мен Иван Николишиннің сапқа оралуымен байланысты болды. Олар ағымдағы маусымдағы алғашқы ойындарын өткізді. Айта кету керек, «Барыстың» 48-нөмірі КХЛ-дің барлық 18 маусымына қатысқан алтыншы ойыншы атанды. Қақпаны Андрей Шутов қорғады.

Бірінші кезеңде қос команда да бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды, алайда бұл уақытта басты рөлді қақпашылар ойнады. Бір эпизодта Никита Сошниковтың соққысынан кейін қонақтарды қақпа бағанасы құтқарды. Екінші кезеңде «Барыс» ойын бастамасын өз қолына алып, жақсы позициялық шабуылдар ұйымдастырды, бірақ соңғы жиырма минуттыққа дейін есеп ашылмады. Үшінші кезең мен овертаймда да таблодағы нөлдер өзгеріссіз қалды. Ал буллиттер сериясында алаң иелері дәлірек соққы жасады.

7 қазан күні Михаил Кравецтің ойыншылары Қазанда «Ак Барспен» кездеседі.

«Сибирь» - «Барыс» 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 65:00 - Сошников Б.

Қақпашылар: Доминг - Шутов

«Сибирь-Арена». 11 498 көрермен


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

TRUE3676.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь