«Барыс» өз алаңындағы ұзақ ойын сериясын «Торпедоға» қарсы кездесуден бастады. Ойынның алғашқы минуттарынан қақпаны Адам Шил қорғады. Жарақатынан айыққан Тайс Томпсон команда құрамына қайта оралып, екінші құрамда ойнады. Сондай-ақ жаттықтырушылар штабы кеше ғана клубпен сынақ мерзімді келісімшартқа қол қойған Кирилл Панюковты да негізгі құрамға қосты.
Дәл осы 22-нөмірлі ойыншы кездесудің 5-минутының соңында айдынның жоғары нүктесінен бағыттаған тамаша соққысымен есепті ашты. Алайда қонақтар көп ұзамай жауап берді – Максим Летунов қақпашы Шилдің осал жерің тауып, қақпа торына дәл көздеді. «Барыстың» екінші голын Райли Уолш ұйымдастырды, алыстан бағыттаған соққысынан кейін өзі шайбаға бірінші болып жетіп, Денис Костинді екінші рет қапы қалдырды.
Екінші кезеңнің ортасында Сергей Гончарук артықшылықты сәтті жүзеге асырды. Ал көп ұзамай Александр Яремчук «Торпедо» командасын ойында алғаш рет алға шығарды. Бір минуттан кейін Семён Симонов Алихан Өмірбековтің тамаша пасын голға айналдырды. Голдық айқас шабуылшылар Михаил Абрамов пен Алексей Кручининнің шайбаларымен жалғасты, осыдан кейін қақпаға Андрей Шутов шықты.
Үшінші кезеңде, маусымда екінші рет көрерменге лық толғанына қарамастан, «Барыс арена» гол көрмеді. 14 қазанда Михаил Кравец ойыншылары өз айдынында «Сібір» командасын қабылдайды.
«Барыс» - «Торпедо» 3:5 (2:1, 1:4, 0:0)
1:0 - 04:54 - Панюков (Өмірбеков, Уолш)
1:1 - 05:26 - Летунов (Сизов, Силаев)
2:1 - 08:21 - Уолш
2:2 - 27:04 - Гончарук (Конюшков, Кручинин) АГ
2:3 - 29:24 - Яремчук (Гончарук, Абрамов)
3:3 - 30:25 - Симонов (Өмірбеков, Савицкий)
3:4 - 31:42 - Абрамов (Яремчук, Шавин)
3:5 - 34:07 - Кручинин (Конюшков, Рожков) АГ
Қақпашылар: Шил (Шутов, 34:07-60:00) – Костин
«Барыс Арена». 11 626 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.