Барыс овертаймда Тракторға есе жіберді
09 Қазан 2025

Барыс овертаймда Тракторға есе жіберді


«Барыс» қазан айындағы алғашқы сырт алаңдағы сериясын «Тракторға» қарсы ойынмен аяқтады. Астаналық команданың жаттықтырушылар штабы Челябинскідегі кездесуді Қазандағы ойынның үшінші кезеңінде ойнаған құраммен бастады. Маусымдағы алғашқы ойынына жарақатынан кейін қатарға оралған Тамирлан Гайтамиров шықты, ол жетінші қорғаушы ретінде құрамға енді. 

Бастапқы кезеңнің басым бөлігі қонақтардың еншісінде болды. Ансар Шайхмедденов пен ҚХЛ-дегі 150-ші ойынын өткізген Дінмұхамед Қайыржан орталық аймақта сенімді әрекет етіп, нәтижесінде Максим Мухаметов ыңғайлы позициядан соққы жасау мүмкіндігіне ие болды. Осылайша ол маусымдағы алғашқы голын соқты. Кейін алаң иелері Мэйсон Мореллидің бес минуттық тәртіп бұзушылығынан кейін артық құрамда ойнау мүмкіндігін алды, алайда «Барыс» қорғанысы берік болып, бірінші үзіліске дейін есеп өзгермеді.

Тең құрамда өткен ойын барысында алаң иелері өз мүмкіндіктерін тапты. Алдымен Андрей Светлаков мергендік танытты, ал кезеңнің соңғы минутында Александр Кадейкин көзге түсті. Осы екі голдың арасында Семён Симонов артық құрамдағы ойынды тиімді пайдаланып, дәл соққысымен командасын қайта алға шығарды. Қорытынды кезеңде есеп өзгермеді. Ал овертаймда жеңіс шайбасын Михаил Григоренко соғып, «Тракторға» екі ұпай әкелді.
12 қазанда Михаил Кравецтің ойыншылары өз мұз айдынында Нижний Новгородтық «Торпедоға» қарсы ойын өткізеді.

«Трактор» - «Барыс» 3:2 ОТ (0:1, 2:1, 0:0, 1:0)
0:1 – 01:12 – Мухаметов (Қайыржан, Шайхмедденов)
1:1 – 22:48 – Светлаков (Глотов, Гросс)
1:2 – 32:59 – Симонов (Уолш, Николишин)
2:2 – 39:21 – Кадейкин (Глотов, Дэй)
3:2 – 63:51 – Григоренко (Ливо)
Қақпашылар: Мыльников – Шутов

«Трактор» мұз аренасы. 7500 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

photo_015.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь