Барыс шиеленісті тартыста Ақ Барсқа жол берді
08 Қаңтар 2026

Барыс шиеленісті тартыста Ақ Барсқа жол берді

Сырт алаңдағы серияның екінші матчында «Барыс» «Ақ Барспен» кездесті. Максим Мұхаметов пен Кирилл Савицкийдің орнына матчтық өтінімге Кирилл Ляпунов пен Батырлан Мұратов енгізілді. Қақпаны алғашқы минуттардан бастап 5 желтоқсаннан бері ойнамаған Адам Шил қорғады.

Алғашқы кезеңде ойын басымдығы қазандықтардың жағында болды, алайда қонақтардың қорғанысы бұл 20 минутта мінсіз қимылдады. Екінші кезеңде «Ақ Барс» дегеніне жетті. Алдымен Александр Хмелевский шайбаны қақпаға таяу қашықтықтан итеріп кіргізсе, көп ұзамай Григорий Денисенко жақын «тоғыздыққа» дәл соққымен көзге түсті. Қорытынды кезеңнің ортасында Макс Уиллман артықшылықты тиімді пайдаланып, ойынға интрига қосты. Алайда Михаил Кравецтің ойыншыларының шешуші шабуылы жүзеге аспады. Қорытынды есепті Артём Галимов «Барыстың» бос қақпасын дәл көздеп бекітті.

10 қаңтарда қазақстандық ұжым Уфада «Салават Юлаевпен» ойнайды.

«Ақ Барс» - «Барыс» 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)

1:0 – 30:45 – Хмелевский (Семёнов, Яшкин)

2:0 – 32:25 – Денисенко (Биро)

2:1 – 51:29 – Уиллман (Веккьоне, Уолш) АГ

3:1 – 57:48 – Галимов БҚ

Қақпашылар: Арефьев – Шил

«Татнефть-Арена». 8 119 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


vk9_4786.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс – СКА матчы алдында

new-preview
Barys
Nomad

Руслан Оспанов Торпедоға жалға берілді

new-preview
Barys

World Stars құрамасы Кравец пен Шилмен бірге төртінші орын алды