Барыс маусымда төртінші рет Нефтехимикке жол берді
24 Қаңтар 2026

Барыс маусымда төртінші рет Нефтехимикке жол берді

«Барыс» Нижнекамск қаласында сырт алаңдағы ойындар сериясын аяқтады.

Қонақтар кездесудің алғашқы минуттарын жақсы өткізді, алайда кейін «Нефтехимик» қатарынан екі рет артықшылықта ойнады. Соның бірі нәтижелі болды – Лука Профака жақын қашықтықтан дәл соққы жасап, Адам Шилге мүмкіндік қалдырмады. Екінші жиырма минутта бірнеше төбелес орын алғанымен, бұл кезеңде есеп өзгерген жоқ.

Үшінші кезең оқиғаларға толы болды. Алдымен алаң иелері азшылықта ойнап жүріп, буллит орындау құқығына ие болды, оны Андрей Белозёров сенімді түрде жүзеге асырды. Кездесудің ортасында астаналықтардың голсыз сериясын Семён Симонов үзді. Одан кейін «Барыс» қақпашысын алтыншы алаң ойыншысына ауыстырып, бос қақпаға үшінші шайбаны өткізіп алды (Булат Шафигуллин көзге түсті). Алайда қазақстандықтар ойынды тоқтатпады және сиренаға 24 секунд қалғанда Макс Уиллман «6-ға 4» форматында есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты. Кездесу соңында қонақтар тағы бір шайба соқты, бірақ төрешілер голды есепке алмады – Майкл Веккьоне шайбаны аяқпен бағыттаған.

28 қаңтарда Михаил Кравецтің ойыншылары өз алаңында «Адмирал» командасын қабылдайды.

«Нефтехимик» - «Барыс» 3:2 (1:0, 0:0, 2:2)

1:0 – 12:58 – Профака (Хоружев, Дерагчёв) АГ

2:0 – 41:31 – Белозёров АС

2:1 – 51:37 – Симонов (Уолш, Масси)

3:1 – 58:07 – Шафигуллин (Дергачёв) БҚ

3:2 – 59:36 – Уиллман АГ

Қақпашылар: Озолин – Шил

«Нефтехим-Арена». 4 108 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

498A6914.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Башқұртстан Республикасы Кубогының ойын кестесі

new-preview
Barys

Барыстың клубының 2026/2027 маусымдағы жаттықтырушылар штабы

new-preview
Barys

Барыспен бірге спорт күні