2026 жылдағы алғашқы матчында «Барыс» сырт алаңда «Торпедо» командасымен кездесті. Омбыдағы ойынмен салыстырғанда астаналықтардың бапкерлер штабы құрамда бір ғана мәжбүрлі өзгеріс жасады. Эмиль Галимовтың орнына үшінші құрамда Максим Мұхаметов алаңға шықты.
Жаңа жылдағы «Барыстың» алғашқы шайбасын команда капитаны Кирилл Савицкий соқты. Ол Әлихан Өмірбековтың қақпаға бағыттаған пасынан кейін қарсылас қақпасының алдында ең шапшаң қимылдады. Алайда бір минут өтпей жатып, дәл осындай стильде Дмитрий Шевченко көзге түсіп, есепті теңестірді.
Екінші кезеңде қонақтар Ансар Шайхмедденовтың қақпа алдындағы сәтті әрекеттерінің арқасында қайтадан алға шықты. Одан кейін шайба бірнеше рет алаң иелерінің қақпасына кіруі мүмкін еді, бірақ Денис Костин өз командасын құтқарып қалды, ал бір сәтте Майкл Веккьоне штангаға дәл тиді. Осы эпизодтан соң «торпедовшылар» ойынға қайта оралып, үзіліске дейін екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Бұл сәттерде Владимир Ткачёв пен Амир Гараев мергендік танытты. Қорытынды кезеңде нижегородтықтар қорғанысқа шегініп, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді.
8 қаңтарда қазақстандық ұжым Қазанда «Ақ Барсқа» қарсы ойнайды.
«Торпедо» - «Барыс» 3:2 (1:1, 2:1, 0:0)
0:1 – 12:48 – Савицкий (Өмірбеков, Қайыржан)
1:1 – 13:34 – Шевченко (Фёдоров, Нарделла)
1:2 – 29:15 – Шайхмедденов (Панюков, Бреус)
2:2 – 33:40 – Ткачёв (Виноградов)
3:2 – 39:29 – Гараев (Конюшков, Журавлёв)
Қақпашылар: Костин – Бояркин
КРК «Нагорный». 5 500 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.