Барыс чемпионат көшбасшысына есе жіберді
09 Қараша 2025

Барыс чемпионат көшбасшысына есе жіберді

«Барыс» өз алаңындағы ұзақ ойындар сериясын «Металлургке» қарсы матчпен аяқтады. Бапкерлер штабы құрамда бір ғана өзгеріс жасады – сырқаттанған Дінмұхамед Қайыржанның орнына екінші шабуыл тізбегіне Вячеслав Колесников енгізілді.

Бірінші кезеңде қонақтар шайбаға көбірек иелік етіп, позициялық шабуыл нәтижесінде Данил Вовченко есеп ашты. Екінші кезеңде Сергей Толчинский екі рет дәл соққы жасап, артықшылықты еселей түсті. Осыдан кейін қақпаға Адам Шил шықты. Үшінші кезеңнің басында Алихан Асетов Самат Даниярдың соққысынан кейін шайбаны қақпаға бағыттап, есепті қысқартты. Алайда бұл «Барыс» үшін жалғыз шайба болды. Кездесудің қорытынды нүктесін Роман Канцеров қойды.

Келесі ойын 15 қараша күні «Локомотивке» қарсы өтеді.

«Барыс» - «Металлург» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)

0:1 - 11:18 - Вовченко (Барак, Силантьев)

0:2 - 29:48 - Толчинский (Яковлев, Вовченко)

0:3 - 34:32 - Толчинский (Ткачёв)

1:3 - 41:42 - Асетов (Данияр, Омирбеков)

1:4 - 52:30 - Канцеров (Ткачёв, Сиряцкий)

Қақпашылар: Шутов (Шил, 34:32-60:00) - Смолин

«Барыс Арена». 8 090 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_5045.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь