Барыс құрамын Антипин мен Бурдасов қосылды
23 Тамыз 2024

Барыс құрамын Антипин мен Бурдасов қосылды

rtVzevTaZic.jpg

«Барыс» қорғаушы Виктор Антипинмен және шабуылшы Антон Бурдасовпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдейді. Біржақты келісімдер бір маусымға есептелген.

Бурдасов әр жылдары Құрлықтық хоккей лигасының ЦСКА, «Салават Юлаев» және СКА сияқты командалары сапында өнер көрсетті. Санкт-Петербург қаласы командасымен бірге Гагарин Кубогының иегері атанды.

Соңғы екі жылда Антон «Трактордың» көшбасшы ойыншыларының бірі болды. Өткен тұрақты чемпионаттың 56 матчында шабуылшы 36 (19+17) ұпай олжалады. Ал плей-оффтың 14 кездесуінде хоккейші 8 (4+4) ұпайды өз еншісіне жазған.

Антон Бурдасов

Туған күні: 09.05.1991.

Амплуа: шабуылшы.

Бойы: 188 см.

Салмағы: 97 келі.

Ойын таяғын ұстауы: солақай.

eOYe5Bdn6V4.jpg 

Тәжірибелі хоккейші Антипин Құрлықтық хоккей лигасында 700-ден астам матч өткізген, магнитогорскілік «Металлург» құрамында Гагарин Кубогының жеңімпазы атанған және оның қоржынында элиталық дивизиондағы әлем чемпионатының күміс және екі қола медалі бар. 2017-2018 жылдар маусымында Виктор ҰХЛ «Баффало» командасы сапында 47 матч өткізіп, 10 нәтижелі пас берген.

Былтырғы маусымда қорғаушы «Трактор» намысын қорғады. ҚХЛ тұрақты чемпионатының 55 матчында қорғаушы 14 (4+13) ұпай олжаласа, Гагарин Кубогына таластың 14 ойынында 3 (1+2) ұпай еншілеген.

Виктор Антипин

Туған күні: 06.12.1992.

Амплуа: қорғаушы.

Бойы: 179 см.

Салмағы: 78 келі.

Ойын таяғын ұстауы: солақай.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс үздік сегіздікке қайта оралу мүмкіндігін жіберіп алды

new-preview
8 фото
Barys

Лада - Барыс

new-preview
Barys

Лада – Барыс матчы алдында