Барыс Амурға қарсы жеке кездесулердегі жеңілістер сериясын үзді
09 Қыркүйек 2025

Барыс Амурға қарсы жеке кездесулердегі жеңілістер сериясын үзді

Жаңа маусымдағы алғашқы үй сериясының екінші ойынында «Барыс» «Амурды» қабылдады. Астаналықтардың құрамындағы өзгерістер аз болды – жарақат алған Иэн Маккошеннің орнына қорғаныстың екінші жұбына Артём Королёв шықты.

Алғашқы кезең тартысты өтсе де, қауіпті сәттер аса көп болған жоқ. Есеп үзіліске жетер-жетпесте соңғы 7 секундта ашылды. Қонақтар қарсыласты аймақтан шығу кезінде қыспаққа алып, Олег Ли Андрей Шутов қақпасын дәл көздеді. Екінші кезеңнің басында-ақ Сергей Дубакин «Амурдың» артықшылығын еселей түсті. Хабаровск клубының 99-нөмірлі ойыншысы айып алаңында жалғыз қалып, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Астаналықтарды ойынды қайта жандандыруға Райли Уолш көмектесті, ол  Максим Дорожконың «құрғақ» сериясын әдемі тоқтатты. Артынша Кирилл Савицкий де өз мерген сериясын жалғастырып, жылдам шабуылдың нүктесін қойды.

Екінші кезеңнің соңына қарай алаң иелері мүлде алға шықты. Эмиль Галимов КХЛ чемпионатындағы «Барыс» сапындағы алғашқы голын соқты. Үшінші кезеңнің басында Кирилл Петьков «Барыс Аренадағы» жанкүйерлерді үшінші рет қапаландырып, таразы басын теңестірді. Бұдан кейін командалардың гол соғу мүмкіндіктері таусылып, жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Чемпионаттағы екінші жеңісті «Барысқа» Кирилл Савицкий сыйлады. Осылайша астаналықтар «Амурға» қарсы 11 ойынға созылған сәтсіздіктер тізбегін тоқтатты. 13 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері өз айдынында минскілік «Динамомен» кездеседі.

«Барыс» – «Амур» 4:3 Б (0:1, 3:1, 0:1, 0:0, 1:0)

0:1 – 19:53 – Ли О. (Мищенко)

0:2 – 20:51 – Дубакин (Заседа)

1:2 – 29:24 – Уолш (Кайыржан, Веккьоне)

2:2 – 32:07 – Савицкий (Масси, Кайыржан)

3:2 – 36:43 – Галимов (Савицкий, Оразов)

3:3 – 41:18 – Петьков (Коротких, Евсеев)

4:3 – 65:00 – Савицкий Б

Қақпашылар: Шутов – Дорожко

«Барыс Арена». 5 980 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


DSC_3980 — копия.jpg 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адмирал – Барыс матчы алдында

new-preview
Barys

Никита Бояркин: «Қорғаныста тәртіппен ойнадық, соққыларды бөгедік, азшылықта да жақсы әрекет еттік»

new-preview
Barys

Бояркиннің құрғақ ойыны Барысқа Хабаровскіде жеңіс әкелді