«Барыс» өз алаңындағы ойындар сериясын «Автомобилистке» қарсы матчпен жалғастырды.
Бірінші кезеңде алаң иелері айқын басымдық танытып, соққы саны бойынша қарсыластан (13:3) басым түсті. Дегенмен, екатеринбургтік қақпашы Евгений Аликин сенімді ойнап, есептің ашылуына жол бермеді. Екінші кезеңнің басында «Барыс» ақыры алға шықты – Дінмұхамед Қайыржан қатарынан үшінші ойында көзге түсіп, Всеволод Логвинмен әдемі комбинация орындады. Бұл шабуылда Макс Уиллман «Барыс» сапындағы алғашқы нәтижелі пасын берді. Бес минуттан соң дәл осындай өзара байланыс Майкл Веккионе мен Мейсон Морелли арасында да көрініс тапты. Нәтижесінде 11-нөмір өз есеп қоржынына тағы бір шайба қосты. Қонақтар көп ұзамай артықшылықта ойнап, Кёртис Волк бір голмен жауап қайтарды. Ал екінші кезең аяқталысымен «Автомобилист» тағы артықшылықта гол соғып, Александр Шаров мергендік танытты. Осыдан кейін екі команда да шабуылдарын нәтижеге жеткізе алмады, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақыттың соңғы минутында Тайс Томпсон шешуші шайбаны соғып, «Барыстың» жеңілістер сериясына нүкте қойды.
Келесі ойында «Барыс» 9 қарашада өз мұз айдынында «Металлургті» қабылдайды.
«Барыс» - «Автомобилист» 3:2 ОТ (0:0, 2:1, 0:1, 1:0)
1:0 – 23:54 – Қайыржан (Логвин, Уиллман) АГ
2:0 – 28:35 – Морелли (Веккионе, Бреус) АГ
2:1 – 31:06 – Волк (Да Коста, Блэкер) АГ
2:2 – 40:57 – Шаров (Голышев, Юдин) АГ
3:2 – 63:45 – Томпсон (Уиллман)
Қақпашылар: Шутов - Аликин
«Барыс Арена». 4 987 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.