Барыс ұпайсыз ойын сериясын тоқтатты
12 Қаңтар 2026

Барыс ұпайсыз ойын сериясын тоқтатты

Барыс ұпайсыз ойын сериясын тоқтатты

«Барыс» ұзаққа созылған сырт алаңдағы ойын сериясын Екатеринбургте аяқтады. Ойынға арналған өтінімде Максим Мұхаметов Эмиль Галимовтың орнын басты. Қақпада кездесуді алғашқы минуттардан бастап Никита Бояркин қорғады.

Кездесудің алғашқы бөлігінде қонақтар басымдық танытып, бір мәрте артықшылықта ойнады. Алайда бірінші үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Осы аралықта «Автомобилист» қарсылас қақпасына небәрі үш рет дәл соққы бағыттағанымен, бұл оларға матчтың ортасында есеп ашуға кедергі болмады – Стефан Да Коста Бояркиннің орнын ауыстырғанын сәтті пайдаланды. «Барыс» Джейк Массидің көк сызықтан жасаған соққысынан кейін Тайс Томпсонның қақпа алдындағы сәтті әрекеті арқылы есепті теңестірді. Қорытынды кезеңде есеп өзгермеді. Ал овертаймда «Автомобилистке» жеңісті Ярослав Бусыгиннің дәл соққысы алып келді.

15 қаңтарда Михаил Кравецтің ойыншылары өз алаңында «Нефтехимикті» қабылдайды.

«Автомобилист» - «Барыс» 2:1 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 30:01 – Да Коста (Голышев, Буше)

1:1 – 36:46 – Томпсон (Масси, Веккьоне)

2:1 – 62:32 – Бусыгин (Да Коста, Горбунов)

Қақпашылар: Аликин – Бояркин

«УГМК Арена». 6 200 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Руслан Оспанов Торпедоға жалға берілді

new-preview
Barys

World Stars құрамасы Кравец пен Шилмен бірге төртінші орын алды

new-preview
Barys

Кравец пен Шилдің World Stars командасы үшінші орын үшін матчта ойнайды