Барыс клуб жүйесін көрсетіп, жаңа ойыншыларын таныстырды
31 Тамыз 2025

Барыс клуб жүйесін көрсетіп, жаңа ойыншыларын таныстырды

30 тамыз күні Астанадағы ЭКСПО-ның жазғы сахнасында «Барыс» хоккей клубының жаңа маусым алдындағы таныстырылымы өтті. Шара «Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының» және «Qazexpocongress» ҰК» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.

01.jpg

Шара жас буынды таныстырудан басталды – «Барыс» БЖСМ-нің 600-ге жуық тәрбиеленушісі мен «Барыс» және «Снежные Барсы» жастар командаларының өкілдері сахна төріне көтерілді. Кейін көрермен «Томирис» пен «Номад» құрамдарының жаңарған ойыншыларымен танысты.

02.jpg

03.jpg

04.jpg

Кештің басты оқиғасы «Барыс» клубының жаңа ойыншыларына жейделерді табыстау болды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, сондай-ақ клуб менеджменті атынан Алексей Мамонтов пен Амангелді Әміров қатысты.

05.jpg

07.jpg

06.jpg

Презентация соңында «Барыс» жүйесінің барлық өкілдері мен жанкүйерлер естелікке бірге суретке түсіп, ЭКСПО шарында клуб логотипі көрсетілді.

DSC_1040.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адмирал – Барыс матчы алдында

new-preview
Barys

Никита Бояркин: «Қорғаныста тәртіппен ойнадық, соққыларды бөгедік, азшылықта да жақсы әрекет еттік»

new-preview
Barys

Бояркиннің құрғақ ойыны Барысқа Хабаровскіде жеңіс әкелді