Қысқа сыртқы серия аясындағы «Барыстың» алғашқы аялдамасы Ярославльде өтті. Жарақаттан кейін құрамға Максим Мұхаметов пен Эмиль Галимов қайта оралды. Қақпаны алғашқы минуттардан Адам Шил қорғады.
Старттық кезең қонақтардың пайдасына өтті. Үзіліске аз уақыт қалғанда есеп ашылды, Райли Уолш көк сызықтан соққы жасап, Әлихан Өмірбеков қарсыластың қақпа алдындағы аймақта сәтті әрекет жасады. Екінші жиырма минуттықта ойын тең өрбіді, алайда бұл уақытта басты рөлге екі команданың қақпашылары шықты.
Шешуші үшінші кезеңде ярославлдықтарды тәртіп жеңіп кетті, ал астаналықтар өз мүмкіндіктерін өте ұқыпты пайдаланды. Семён Симонов пен Ансар Шайхмедденов артықшылықты тиімді жүзеге асырды. Матчтың нүктесін Эмиль Галимов қойды. Адам Шил қақпаға бағытталған 27 соққының барлығын қайтарды.
17 қарашада Михаил Кравецтің ойыншылары сырт айдында «Сочимен» кездеседі.
«Локомотив» - «Барыс» 0:4 (0:1, 0:0, 0:3)
0:1 - 18:59 - Өмірбеков (Уолш, Савицкий)
0:2 - 46:03 - Симонов (Морелли)
0:3 - 50:49 - Шайхмедденов (Данияр, Галимов) АГ
0:4 - 54:41 - Галимов (Қайыржан, Томпсон)
Қақпашылар: Мельничук - Шил
«Арена 2000». 7 998 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.