Барыс Қазанда камбэк жасай жаздады
07 Қазан 2025

Барыс Қазанда камбэк жасай жаздады

«Барыс» қазан айындағы алғашқы сырт алаңдағы сериясын Қазанда жалғастырды. Бұл жолы бапкерлер штабы тек қақпашыларды алмастырды. Қақпаны алғашқы минуттардан Адам Шил қорғады.

«Ак Барс» есепті жылдам ашты, Владимир Алистров қақпа алдына шығарылған шайбаға  конькиін сәтті тосып, алғашқы нәтижелә соққыны жасады. Екінші кезең «Барыстың» айқын басымдығымен өткенімен, ұзақ жүейлі шабуылдар нәтижесіз аяқталды. Ал қазандықтар өз кезегінде екі рет сәтті шабуылмен жауап берді. Артём Галимов дубль авторы атанды. Үшінші кезеңнің басында Никита Лямкиннің соққан шайбасы осы ойын жеңімпазын  анықтап қойғандай болды.

Дегенмен осы сәттен кейін астаналықтар бой көрсете бастап, камбэк жасауға аз-ақ қалған еді. Дінмұхаммед Қайыржан, Майкл Веккьоне және Всеволод Логвин соққан шайбалар «Барысқа» ойын тізгінін толық өз қолына алуға мүмкіндік берді. Кездесудің соңында қазандықтар кем құрамда ойнап, қазақстагндық команда қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырған болатын. Алайда, соңғы секундтарда сәттілік серік болмады. Тимур Биляловтың қақпасына жасалған соққыдан кейін, шайба бағанаға тиіп кері серпілді. Қорытынды есеп 4:3.

9 қазан күні Михаил Кравец ойыншылары Челябінскіде «Трактор» командасына қарсы ойын өткізеді.

«Ак Барс» -  «Барыс» 4:3 (1:0, 2:0, 1:3)

1:0 – 03:46 – Алистров (Марченко, Карпухин)

2:0 – 36:07 – Галимов (Фальковский)

3:0 – 38:57 – Галимов (Семёнов) АГ

4:0 – 42:13 – Лямкин (Миллер)

4:1 – 44:45 – Қайыржан (Маккошен, Шайхмедденов)

4:2 – 46:24 – Веккьоне (Симонов, Морелли)

4:3 – 47:02 – Логвин (Уолш, Омирбеков)

Қақпашылар: Билялов – Шил

«Татнефть-Арена». 7 689 көрермен


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

ab_bar_251007_012p1.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь