Тәртіптілік ережесі
СПОРТ ҒИМАРАТЫНДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
(КХЛ, ЖХЛ (Жоғары хоккей лигасы),
ЖХЛ (Жастар хоккей лигасы) хоккей жарыстары үшін)
Осы Ережелер Ресей Федерациясы аумағында және шетелдік Клубтың «үй» жарысы өтетін шет мемлекеттердің аумағында өткізілетін хоккей жарыстарына қатысушы көрермендердің спорт ғимаратындағы тәртіп нормаларын белгілейді.
1. Жалпы ережелер:
1.1. Спорт ғимаратына кіру билеттері, абонементі, шақыруы және бекітілген үлгідегі басқа да құжаттары бар және жарысты ұйымдастыру мен қамтамасыз етумен байланысты емес азаматтар Көрермен болып танылады;
1.2. Жарыс ұйымдастырушысы көрермендердің жеке санаттары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, спорт ғимараты әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының қабылдаған шешімін көрермендерге билеттер сатылардан бұрын, міндетті хабарлама түрінде хабардар ете отырып, бұл санаттағылардың ойынды тамашалауы үшін айрықша талаптар енгізе алады;
1.3. Көрермендер спорт ғимаратында болатын уақыт аралығында әрекет ететін осы ережелерді қабылдап, ерікті түрде орындауға келісімін береді;
1.4. Ережелердің орындалуын бақылау – жарыс ұйымдастырушысына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, өрт бақылауына, сондай-ақ бақылау-өткізу тәртібін, көрермендерді және қоғамдық тәртіп күзетін отырғызуды қамтамасыз ету мақсатында тартылатын спорт ғимаратының қызметіне (қауіпсіздік қызметі, жеке күзет мекемелері, бақылаушылар, әкімшілердің, волонтерлар және т.б) жүктеледі;
1.5. Ережелерді орындамайтын тұлғалар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес, әкімшілік соттың жарыс өтетін күндері жарыс өтетін жерге баруға тыйым салатын шешімі заңды күшіне енген тұлғалар – спорт ғимаратына кіргізілмейді немесе кіру билетінің құнын қайтарылмастан, ғимарат аумағынан шығарылып тастайды. Ал олардың тарапынан құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасалса, олар әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады;
1.6. Жарыс ұйымдастырушысы құқықтық әрекеттерге қайшы келетін әрекеттердің алдын алу мақсатында, көрермендердің фото-, видео- түсірілімдерін жасауға құқылы;
1.7. Осы ережелерді көрерменнің орындамауы – жарыс ұйымдастырушысы және спорт ғимараты әкімшілігі үшін басқа да хоккей жарыстары өтетін уақытта, тәртіп бұзушының спорт ғимаратына кіруіне тыйым салуға негіз болып табылады.
2. Көрермендер құқылы:
2.1. Кіру билеті, абонемент және бекітілген үлгідегі басқа да құжаттар болған жағдайда, жарыс болатын уақытқа дейін және жарыс өтіп жатқан уақытта спорт ғимараттарына кіруге құқылы. Спорт ғимаратына кіру уақыты жарыс ұйымдастырушысы, спорт ғимараты әкімшілігі және құқық қорғау органдарының бірлескен шешімі негізінде белгіленеді.
Кіру билеті, абонемент және бекітілген үлгідегі басқа да құжаттар болған жағдайда көрермендердің спорт ғимаратына кіру саны спорт ғимаратының әкімшілігімен белгіленеді;
2.2. Жарыс ұйымдастырушысы және спорт ғимараты әкімшілігі ұсынатын барлық қызметтерді пайдалануға;
2.3. Спорт ғимаратының мінберіне әкелуге және пайдалануға:
− пайдалану шарты бар, арнайы темекі шегу аумағында ғана темекі бұйымдарын және оттықты қолдануға;
− спорт ғимараттарының Клубтары ресми түрде сататын атрибутикаларын пайдалануға;
2.4. Жанкүйерлер бірлестігінің өкілдеріне команданы қолдау мақсатында, төменде көрсетілген қолдау құралдарын жанкүйерлер тобының жауапкершілік жүктелген тұлғаларына бір-бір данадан алып өтуге және пайдалануға:
− бір мембранасы бар, түбі ашық, диаметрі 60 см-ге дейін, ал биіктігі 40 см-ге дейін болатын штатты таяқшалары бар барабандарды;
− мінбелердегі басқа көрермендердің жарысты көруіне кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылса, әр түрлі кескіндемелердегі баннерларды; олардың спорт ғимаратында орналасуы ТЖМ өкілдерімен, жарыстағы құқық қорғау органдары штабы басшылығымен, спорт ғимараты әкімшілігімен келісілген түрде, қауіпсіздікке жауапты Клуб тұлғасы − жарыс ұйымдастырушы атынан белгіленеді.
Баннерлар тез тұтанбайтын материалдардан жасалып (арнайы құраммен сіңірілген), сертифкаттармен жабдықталуы міндетті.
Баннерлардың мазмұны тек өз Клубын қолдауға бағытталуы тиіс және тіл тигізетін, әдепсіз, арандатушылық мәтіндерден, сөздерден, белгілерден, суреттерден тұрмауы керек.
− Бос денелі пластикалық сабы бар жалауларды; саптың ұзындығы 1,5 метрден аспауы тиіс. Жалаулар тұтанбайтын материалдардан дайындалуы қажет (арнайы құраммен сіңірілген болуы қажет), өртке қарсы қауіпсіздіктің тиісті сертификаттары болуы міндетті. Мұндай жалауларды «қонақ» және «жанкүйерлік» бөлімдерде қолдануға рұқсат етілген. Жалаудағы суреттердің мазмұны тек өз Клубының қолдауына бағытталған болуы және және тіл тигізетін, әдепсіз, арандатушылық сөздерден, белгілерден, суреттерден тұрмауы керек.
− Команданы қолдаудың басқа да құралдары. Қолдаудың басқа да құралдарын пайдалану − құқық қорғау органдары штабының басшылығының, спорт ғимаратының әкімшілігімен, ұйымдастырушының келісілген түрдегі шешімімен рұқсат етілуі мүмкін.
Ресей Федерациясы республикаларының, Чемпионатқа қатысушы Клуб елдерінің мемлекеттік тілдеріндегі сөздер және мәтіндері бар қолдау құралдарында Клубпен расталған аударма болуы міндетті.
Шет тіліндегі сөздер және мәтіндері бар қолдау құралдарының нотариуспен расталған аудармасы болуы керек.
Қысқартылған сөздер және сандар тіркесі бар қолдау құралдарының Клубпен расталған, осы қысқартылған сөздер және сандар тіркесінің мағыналарын түсіндіретін жазбаша мәлімдемесі болуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген атрибут құралдарының иелері, жарыстың басталуына 1,5 сағат қалғанға дейін оның ТЖМ, жарыстағы құқық қорғау органдары штабы басшылығының, спорт ғимараты әкімшілігінің, жарысты ұйымдастырушылардың талаптарына сәйкес екендігін көрсетулері міндетті.
Жанкүйерлер Осы ережелерді бұзған жағдайда, жоғарыда айтылған қолдау құралдарын хоккей жарыстарында қолдануға тыйым салатын шешім қабылдануы мүмкін;
2.5. Кәсіпқойлық фото-, видео түсірілімін тіркеусіз жүргізу туралы (егер де оларды қолдануға жарыс ұйымдастырушысы тыйым салмаса) кіру билетінде, абонементте немесе шақыруда тиісті ескерту жазылуы қажет.
3. Көрермендер міндетті:
3.1. Бақылау-өткізу тәртібін жүзеге асыратын қызметкерлерге кіру билеттерін, абонементтерді, шақыруды және спорт ғимаратына кіруге құқық беретін басқа да құжаттарды, сондай-ақ осы аумаққа автокөлікті кіргізуге қажетті рұқсатнаманы көрсетуге;
3.2. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және тыйым салынған заттарды спорт ғимаратына өткізудің алдын алу мақсатында, спорт ғимараты маңайындағы қоршалған аумаққа кірер кезде арнайы бақылаудан өтуге және тексеруге жеке заттарды көрсетуге;
3.3. Мінбелердегі орындарға кіру билеттеріне, абонементтерге және шақыруларға сәйкес отыруға;
3.4. Жарыс ұйымдастырушысы, спорт ғимаратының әкімшілігі, құқық қорғау органдарының және өрт бақылауының қызметкерлерінің заңды бұйрықтарын орындауға және қоғамдық тәртіпті, көпшілік мақұлдаған тәртіп нормаларын сақтауға;
3.5. Күмән тудыратын заттарды тауып алғанда, түтіндеу немесе өрт болған жағдайларда, болып жатқан құқық бұзушылықтар мен басқа да қауіп-қатер тудыратын жағдайларда, тез арада спорт ғимаратының әкімшілігі және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарлауға;
3.6. Спорт ғимаратының мүлкіне жауапты қарап, тазалық сақтауға;
3.7. Азаматтың тұлғасына немесе мүлкіне, сонымен қатар заңды тұлғаның соның ішінде «үй» жарысын ұйымдастырушының мүлкіне зиян келтірген жағдайда, келтірілген зиянды өтеуші тұлғаның кері талап (регресс) етуін оның (көрерменнің) қанағаттандыруы мүмкін екендігін ескере отырып, заңмен белгіленген тәртіпте зиян келтірілген заттарға толық көлемде өтеу;
3.8. Чемпионат жарысы өтерден бұрын Ресей Федерациясының мемлекеттік әнұраны, Ресей Федерациясы мемлекеттерінің және шет мемлекеттердің әнұрандары ойналатын уақытта мемлекет рәміздеріне құрмет көрсетуге және көпшілік мақұлдаған тәртіп нормаларын сақтауға.
4. Көрермендерге тыйым салынады:
4.1.Спорт ғимаратында алкоголь, есірткі немесе улағыш заттардан мастық жағдайында болуға;
4.2. Спорт ғимаратына әкелуге және іске қосуға:
− спирттік ішімдіктерді,
− кез келген түрдегі қару және оқ-дәрілерді,
− шанышпалы немесе кесетін құралдарды,
− түтіндету құтыларын,
− файерларды,
− дабыл зымырандарын,
− отшашуларды,
− пиротехникаларды,
− түтіндеуге, тұтануға немесе басқа да қауыпты нәтижелерге әкелуі мүмкін, соның ішінде қолдан жасалған басқа да құралдарды, заттарды қолдануға;
− Шашуға, таратуға арналған, пиротехника болып табылмайтын, соның ішінде қолдан жасалған әр түрлі материалдарды және құралдарды (пневматикалық шартылдақтар және т.б.,) пайдалануға;
− өртенгіш, жарылғыш, улы, уландыратын және ащы иіс шығаратын құралдарды;
− оңай тұтанғыш, өрт қаупі бар материалдар мен заттарды,
− бояу заттарын,
− есірткі құралдарды,
− радиоактивті материалдарды,
− жүйке-сал ауруын және жас ағызғыш әсерін тудыратын газ баллондарды,
– лазерлік құралдарды,
− қару ретінде қолданылуы мүмкін басқа да құралдарды,
− қаңылтыр банкілер, шыны, пластикалық ыдыстарды, бөтелкелер мен сыйымдылықтарды,
− ауыр, үлкен заттарды (көлемдерінің ені, ұзындығы және биіктігі 40 × 40 × 20 см-ден асатын кез келген нысандар),
− дыбыс күшейткіш құралдарын,
− кез келген материалдан әзірленген, кез келген өлшемдегі сырнайларды,
− кез келген материалдан әзірленген сылдырақтарды,
− радиостансаларды,
− экстремистік сипаттағы немесе нацистік атрибутикасы немесе символикасын, экстремистік ұйымдардың нацистік атрибутикасы немесе символикасын білдіретін насихаттау материалдарын қолдануға;
4.3. Спорт ғимаратының әкімшілігі тыйым салған жерлерде темекі шегуге;
4.4. От жағуға;
4.5. Мінбелерге, мұз алаңына және оның айналасындағы аумаққа, сонымен қатар көрермендерге, Хоккейшілерге, Жаттықтырушыларға, Төрешілерге, Клубтың, спорт ғимаратының өкілдеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, жарысты ұйымдастырушылардың ресми тұлғаларына әдейілеп заттар лақтыруға;
4.6. Фашистік және нәсілшілдік сипаттағы символикаларды, атрибутиканы, белгілерді, сондай-ақ басқа да символикаларды алып жүруге және ашықтан-ашық көрсетуге, қолдануға, сонымен қатар соларға қатты ұқсайтын белгілерді, атрибутиканы, символикаларды қолдануға;
экстремистік ұйымдардың атрибутикасы немесе символикасын көпшілік алдында көрсетуге;
4.7. Фашистік және нәсілшілдік сипаттағы сөздер мен мәтіндерді, сондай-ақ ишараттарды қолдануға;
4.8. Әдепсіз және тіл тигізетін сөздер мен мәтіндерді, сондай-ақ ишараттарды қолдануға;
4.9. Әлеуметтік, нәсілдік, діни, ұлттық және мемлекетаралық өшпенділікті, сондай-ақ әлеуметтік, нәсілдік, діни, ұлттық және мемлекетаралық үстемдікті тудыратын атрибутиканы, баннерларды, мәнерлеп айтуды, айғайлауды, ишараттарды пайдалануға;
4.10. Қолдау құралдарын және атрибутиканы қолдана отырып, басқа тұлғаларға тіл тигізуге, адамның немесе тұлғалар тобының ресми беделін және ар-намысын қаралайтын басқа да әрекеттер жасауға;
4.11. Бетті жасыру мақсатында киім элементтері мен басқа да құралдарды пайдалануға;
4.12. Спорт ғимаратында болған уақытта дене мүшелерін жалаңаштау арқылы қоғамдық мораль және тәртіп нормаларын бұзуға;
4.13. Жарысқа қатысушылар мен көрермендерге, өзіне, басқа тұлғалардың өміріне қауіп тудыруға немесе қандай тәсілмен болса да біреуді қауіпке ұшыратуға;
4.14. Қоршаудан мұз алаңына қарай және мұз алаңының өзіне шығып кетуге, командалардың, Төрешілердің киім ауыстыратын бөлмелеріне, баспасөз орталықтары мен басқа да қызметтік ғимараттарға кіруге;
4.15. Жарыс уақытында баспалдақтарда өтетін жерлерде, тұруға, жарысқа қатысушылар мен көрермендердің жүрулеріне кедергі жасауға, орындықтарға шығуға, секіруге, мінбелерде құқықтық әрекеттерге қайшы келетін әрекеттер жасауға, қоршауларға, жақтауларға, жарықтандыру құралдарына, бағандарға, жылжымалы құрылымдарға шығуға, құрылыс ғимаратының және көрермендердің мүлкіне зиян келтіруге;
4.16. Спорт ғимаратына жануарлармен келуге;
4.17. Кез келген саяси акциялар өткізуге;
4.18. Көпшілік алдында ұйымдастырушымен келісілмеген жағдайда акциялар өткізуге;
4.19. Жарнамалық, сувенирлік, саяси, діни және нәсілшілдік сипаттағы өнімдерді кез келген тәсілмен сатуға (плакаттар, үндеу парақтары, буклеттер);
4.20. Жарысқа кіру билеттерін алыпсатарлық саудамен қолдан сатуға тыйым салынады.