Қолдау қызметі

ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ

Танымал сұрақтар

БИЛЕТТЕРДІ/АБОНЕМЕНТТЕРДІ САТЫП АЛУ

Билетті қайдан сатып аламын?

Үй матчтарына билеттерді/абонементтерді «Барыс Арена» КМС кассаларынан сатып алуға болады.

Сондай-ақ, билеттерді осында басып, біздің сайтымыздан немесе мына сілтемемен өтіп, он-лайн сатып алуға болады: tickets.hcbarys.kz

Мен тапсырысты төледім, бірақ билет электрондық поштаға келмеді

Электрондық билет бланкісін сіз https://tickets.hcbarys.kz сайтында жеке кабинеттегі «МЕНІҢ ТАПСЫРЫСТАРЫМ»-нан  жүктей аласыз.

Электрондық билетпен хатты алмаудың мүмкін себептері:

  1. Билеттің ақысы төленген сәттен тым аз уақыт өтті (жөнелтуде кідіріс болуы мүмкін, бірақ жеке кабинетте билет бірден қолжетімді болады).
  2. Электрондық поштаның адресі дұрыс емес. Сіз https://tickets.hcbarys.kz-те логин ретінде көрсеткен email-ді тексеріп жақаныңызға көз жеткізіңіз.
  3. Хат қалаусыз поштаның «Спам» қалтасына түсті.

Менде билеттер ашылмайды

Билеттер pdf форматында e-mail-ге келеді.
PDF билетті компьютерден принтерде басып шығаруға және штрих-кодты оқуға арналған смартфонға турникет арқылы жүктеуге арналған.
Adobe Acrobat Reader немесе PDF файлдарын қолдайтын кез келген басқа бағдарламаны орнатыңыз.
Менде сайтта билеттің ақысын төлеу мүмкін емес

Сіздің банк картаңызды тексеру қажет. Төлемге тек Visa, Mastercard карталары ғана қабылданады, басқалары қолдамайды.

  • Сіздің картаңызға қызмет көрсететін банкте интернет төлем қызметі қосылған-қосылмағанын анықтаңыз.
  • Мүмкін, сіздің картаңызға интернеттегі сатып алуларға лимит орнатылған.

Сайтта жеке кабинетте тапсырысты ресімдеген кезде картаның мәліметтерін енгізуді сұрайды.

  • Кэшті тазалау және cookie файлдарын жою қажет. Тазалағаннан кейін сайтқа кіріп, тапсырысты қайта құрастырыңыз.

Кэшті тазалау және cookie файлдарын жою:

Android, Компьютер, iOS

Chrome қосымшасында

  1. Android құрылғысындағы  Chrome қосымшасын ашыңыз.
  2. Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы  мәзір белгішесін басыңыз.
  3. Тарих Тарихты тазарту басыңыз.
  4. Беттің жоғарғы жағында уақыт диапазонын таңдаңыз. Барлық деректерді жою үшін, Барлық уақыт таңдаңыз.
  5. «Cookie файлдары және сайт деректері» және «Кэште сақталған суреттер және басқа файлдар» таңдаңыз.
  6. Деректерді жою басыңыз .

Басқа мобильді браузерлерде:

сіз пайдаланатын браузердің техникалық қолдау сайтындағы нұсқауларды іздеңіз.

  • Басқа браузерді пайдаланып көріңіз.
  • help@hcbarys.kz қолдау қызметіне хабарласыңыз

Маған төлеу кезінде SMS келмеді

Телефоныңызға SMS-хабарлама жіберу картаңызды шығарған банкпен реттеледі.
Сіз SMS алмағанның ықтимал себептері:

  1. Кейде хабарлама абонентке 1-2 минут ішінде жетеді. Өтінеміз, күте тұрыңыз.
  2. Ұялы байланыс жоқ. Телефонның баптауында құрылғыны өшіріп/қосып немесе қайта жүктеп көріңіз.

Электрондық билетті әдеттегі билетке айырбастай аламын ба?

Мұндай айырбастау мүмкін емес.

Электрондық билетті басып шығару міндетті ме?

Электрондық билетті басып шығармасаңыз да болады. Оны смартфонда ашуға және «Барыс Арена» КМС-дағы турникеттің сканеріне қоюға болады. (Ерекшелік: Ұтыс ойынын өткізу кезінде басып шығарылған электрондық билеттің болуы міндетті).

Мен матчқа 2-6 билет сатып алдым және әр билетте менің тегім. Осы билет бойынша достарым өте алады ма?

Иә, өте алады. Әрбір билетті «Барыс Арена» КМС-қа кірген кезде турникеттің сканеріне қою қажет.

Мен билетті/абонементті жоғалтып алдым. Қалай қалпына келтіруге болады?

  1. Абонементті жоғалтқан жағдайда, Сізге «Барыс Арена» КМС кассасына жеке куәлігімен келіп, абонементті жоғалту туралы өтінішті толтыру қажет. Абонементті қалпына келтіру ақылы болып табылады. Жоғалған абонемент бұғатталады.
  2. Егер сіз билетті https://tickets.hcbarys.kz сайтынан сатып алсаңыз, оны жеке кабинеттегі «МЕНІҢ ТАПСЫРЫСТАРЫМ»-нан қайта жүктеп алыңыз.

МАТЧҚА ҚАТЫСУ

«Барыс» ХК-ның үй матчтары қайда өтеді?

«Барыс» ХК үй матчтары «Барыс Арена» КМС-да өтеді: Астана қ.,
Астана қ., Тұран даңғылы, 57

Өзімен бірге аренаға не алып келуге болады?

Залға сусындар, балмұздақ, чипс және басқа да тамақтарды өткізуге тыйым салынады.

Мұз сарайына тыйым салынады:

  • Спорт имаратына қарудың кез келген түрін, шанышқылы және кесетін заттарды, барлық түрдегі пиротехниканы, шыны және пластикалық ыдысты, тамақ өнімдерін (оның ішінде сусындар, балмұздақ), кірлететін заттарды, ірі габаритті заттарды (атрибутика заттарын қоспағанда), сондай-ақ көрермендерге және матчтың қалыпты өтуіне кедергі келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып жүруге тыйым салынады;
  • Аренаның үй-жайында кәсіби аппаратурамен фото -, бейне- және телесүсіру жүргізуге тыйым салынады;

Мүгедектер арбасында матчқа қалай келуге болады?

Матчқа барар алдында еріп жүруші үшін 1 билет сатып алу қажет. Содан кейін А12 секторында арнайы бөлінген орынға бару қажет.

Мұз сарайына балаларға неше жастан жеке келуге болады?

Қай жастан бастап «Барыс Арена» КМС-қа ересек адамдардың еріп жүруінсіз матчтарға баруға рұқсат етіледі?

Балаларға ата-анасының еріп жүруінсіз 14 жастан бастап матчтарға баруға болады.

Матчқа баламен барғым келеді, оны кіргізеді ме?

Сіз өзіңізбен кез келген жастағы баланы ала аласыз.
7 жастан кіші (6 жасқа дейін қоса алғанда) балалар матчқа жеке отыру орынды ұсынусыз тегін қатыса алады.

«БАРЫС АРЕНА» КМС АРЕНАСЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР

Билет кассалары мен Barys store кәдесыйлық атрибутика дүкендерінің жұмыс уақыты?

Мұз аренасының кассалары күн сайын үзіліссіз және демалыссыз сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Телефон: +7 (7172) 61 35 19

Barys store фирмалық дүкендері күн сайын 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 13: 00-ден 14:00-ге дейін Телефон: +7 778 746 08 52

Қала бойынша билет кассалары/ Barys store дүкендері қайда орналасқан?

Билет кассалары «Барыс» ХК мұз аренсасында орналасқан, мекен-жайы: Астана қ., Тұран д-лы, 57

Barys store фирмалық дүкендерінің мекен-жайы:

Астана қ., Тұран даңғылы 57, 1-қабат

А-82 Астана-Нұрлы Жол т/ж вокзалы, 4-қабат, «К» блогы

Қабанбай батыр даңғылы 62, MEGA Silk Way СОО, Mega Arena мұз айдыны

«Барыс Арена» КМС залының сызбасын қайдан табуға болады?

«Барыс Арена» КМС схемасы https://hcbarys.kz/arena/ сайтында ұсынылған.

«Барыс Арена» КМС қабаттарында.

Мұз сарайында сақтау камерасы бар ма?

Сақтау камералары жоқ

Мұз сарайында намаз оқитын бөлме бар ма?

Намаз оқуға арналған бөлмелер жоқ.

Мұз сарайында банк карточкасымен төлем жасай аламын ба?

Билеттерді және атрибутиканы сатып алу кезінде төлемге қолма-қол ақша және банк карталары қабылданады.

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Аккаунтта телефон нөмірін және email-ді қалай өзгертуге болады?

Жеке кабинетте деректерді өзгерту үшін билет кассалары мен Barys store дүкендерінде тиісті өтінімді рәсімдеңіз.
Егер сізге е-mail-ді өзгерту қажет болса, жаңа e-mail, егер телефон нөмірін өзгерту қажет болса - онда жаңа нөмір көрсету қажет.

Билет сайтында тіркеле алмаймын

Билет сайтында тіркелу үшін https://tickets.hcbarys.kz/ сілтеме бойынша өту, бұдан әрі Тіркеу батырмасын басу және міндетті алаңдарды толтыру қажет. Сілтеме бойынша өтіп, жеке деректерді өңдеу ережелерімен танысу. Келісім үшін белгі қойыңыз. Тіркеуден кейін сізге өзіңіздің email-ға автоматты түрде жіберілетін Тексеру кодын енгізу қажет. Бұдан әрі сіз сайтта авторизациядан өтіп, жеке кабинетпен және іс-шаралар тізімімен таныса аласыз.

БОНУСТЫҚ ЖҮЙЕ

Бейілділік Бағдарламасы дегеніміз не?

https://hcbarys.kz/polozhenie

Бейілділік Бағдарламасына қалай кіруге болады?

Бейілділік Бағдарламасының қатысушысы болу үшін сізге мынаны жасау қажет:

  1. Билет кассаларындағы немесе Barys store фирмалық дүкендеріндегі Бейілділік Бағдарламасының сауалнамасын толтыру және қол қою.
  2. https://tickets.hcbarys.kz/ , https://barysfanshop.kz /сайттарында немесе Barys мобильдік қосымшасында.

Неге менің сатып алуларым үшін бонустар есептелмеді?

Мен https://tickets.hcbarys.kz/, https://barysfanshop.kz / немесе мобильді қосымшада тіркелдім. Енді интернет арқылы сатып алуларды жасағанда, менің Бейілділік картам автоматты түрде әрекет етеді ме?

https://tickets.hcbarys.kz/, https://barysfanshop.kz / сайтында немесе Barys мобильді қосымшасында тіркелген жанкүйерлер Бейілділік Бағдарламасының қатысушылары болады.

Тапсырысты интернет-дүкенде рәсімдеу кезінде бонустар туралы ақпарат пайда болады. Бұл қандай бонустар және оларды қалай пайдалануға болады?

https://hcbarys.kz/polozhenie

Сайты қолдау қызметі, тел: +7 778 746 08 11 (9.00-ден 18.00-ге дейін).

e-mai: help@hcbarys.kz