ҚРӘЧ. Айсұлу – Томирис 4:2
25 сәуір

Қазақстан әйелдер чемпионатының кезекті матчында «Томирис» командасы еліміздің қазіргі чемпиондары «Айсұлу» командасына 2:4 есебімен жол берді. Елордалық ұжым құрамында Анастасия Оразбаева мен Надежда Филимонова соғылған шайбалармен көзге түсті. Он ойыннан кейін Александр Тебеньковтың шәкірттері өз еншісіне 21 ұпайды жазып, турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты.

«Айсұлу» - «Томирис» 4:2 (2:0, 1:1, 1:1)

1:0 – 03:35 – Бэрндсэн (Брод)

2:0 – 19:58 – Бэрндсэн (Брод) АГ

3:0 – 36:04 – Алдабергенова (Әшімова)

3:1 – 37:10 – Оразбаева (Ысқақова)

4:1 – 48:24 – Брод (Риу)

4:2 – 52:57 – Филимонова (Молдабай)

Қақпашылар: Щеколова – Ашина

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: