ӘҚЧ. Латвия – Казахстан – 2:1Б.
09 сәуір


Қазақстанның қыздар құрамасы Әлем Чемпионаты-2019 үшінші матчын
өткізді (Бірінші дивизион, Б тобы). Біздің қыздар буллиттер сериясында
Латвия қомандасына есе жіберіп, жеңілістер сериясын ұзартып алды-1:2.
Негізгі уақытта Қазақстан құрамасында Малика Алдабергенова көзге түсті.
«Томирис» хоккейші қыздары жинаған ұпайларымен қуантып тұрған жоқ.
Буллиттер сериясындағы гол «Томирис» форварды Пернеш Ашимованың
есебінде. Жеңіс әкелген лақтырысты Анна Кублина орындады.
Осылайша, үш матчтан соң Қазақстан құрамасының активінде тек бір ұпай
ғана және кестенің соңғы орындарында жайғасты. Ертең қазақстандық
қыздар Корей құрамасының хоккейші қыздарымен кездеседі.

Латвия - Казахстана 2:1Б (1:1, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
1:0 – Петерсоне (Михеенко) - 03:19
1:1 - Алдабергенова (Кузьмина) - 10:00
2:1 - Кублина - 65:00 ПБ
Қақпашылар: Дмитриева - Эпсайт
 
 

Бөлісу: