Юрий Михайлис: «Бір шайба матчтың нәтижесін анықтай алады»
23 шілде

«Сарыарқа» және «Номадтың» бас бапкерлері өткен жолдастық кездесулерге түсініктеме берді.

Юрий Михайлис,  «Номадтың» бас бапкері

- Егер кешегі ойынды алсақ, ойын тең екі қарсыластың ойыны болды. Лақтырыстар бойынша теңделім шамамен 25-ке 25. Бүгінгі ойында «Сарыарқа» екі кезең бойы басым болды, барлық жағынан да асып түсті: қозғалыста, жекпе-жекте «Номад» командасын толығымен ұтып тұрды. Үшінші кезең: менің әріптесім де келісетін шы,ар, хоккейде мұндай жағдай болады,  қақпашы ойында ұзақ уақыт ойнамаған кезде   бір лақтыру және шайба матчтың нәтижесін анықтай алады. Бүгін дәл солай болған сияқты. Содан кейін біз сенімдірек ойнай бастадық, екінші тынысымыз ашылды, сондықтан  матчты жеңе алдық.

Леонид Тамбиев, «Сарыарқаның» бас бапкері

- Қарсыластарды жеңісімен құттықтаймын! Бұл екі ойын бізге ой саларлық болды, не болса да көреміз. Бір нәрсе түсінікті: шын мәнінде, басқа, жаңа команда құрылады. Біздің ойыншыларымыз әртүрлі себептермен чемпиондық маусымнан кейін «Сарыарқадан» кетті. Қазір қатарға келіп қосылған ойыншылар жақсырақ ойнаса екен деген қалауымыздың туындауы заңды. Бірақ біз әзірше тек бастау сатысындамыз, яғни біз дайындықты енді бастап жатырмыз.  Бірақ қалай болғанда да, қайталаймын, ойланарлық нәрсе жеткілікті. нені түзеу керек, қай жағынан жұмысты жақсарту керек, бізге түсініктісі осы. Қазіргі кезде ең бастысы, жігіттерге ойды дұрыс жеткізіп, олардың сол ойларды мұзда іске асыра алуы. Бүрсігүні (25 шілдеде) біз Латвияға жиынға кетеміз, онда жұмыс істейтін боламыз, дайындаламыз, нәтижелер жақсы болады деп үміттенеміз.

Дереккөзі – «Сарыарқа» баспасөз қызметі

"Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.

Бөлісу: