МХЛ түлектері: Денис Қаратаев
24 шілде

«Барыс» баспасөз қызметі жастар хоккейінде өз жолын ресми түрде аяқтаған хоккейшілер туралы жарияланымдар циклін бастайды. Өткен маусымда Жастар хоккей лигасы түлектерінің бірі қақпашы Денис Қаратаев болды.

Денис МХЛ-да дебютке 2016 жылы 17 қарашада 17 жасында шықты. Сол күні ол «Толпарға» қарсы матч өткізді, өз активіне 41 сэйв жазып, «Снежные Барсы»-ға 3:2 есебімен жеңіске жетуге көмектесті. Жалпы, өзінің бірінші маусымында МХЛ-да Қаратаев 17 матч ойнады.

2017-18 жылдардың келесі маусымында Денис «Снежные барсы» командасының негізгі қақпашысы болды. Ол 91% соққыны тоқтатып, орташа есеппен 3,29 шайбаны өткізіп алып, 50 матчтың 22-де (2800 минуттан астам ойын уақыты) жеңіске жетті.

Сол жылы Қаратаев Қазақстан жастар құрамасының әлемдік хоккейдің элиталы дивизионына шығуына елеулі үлес қосты. Франциядағы МЧМ-де Денис мұз айдынында төрт матчта шықты, олардың әрқайсысында біздің команда жеңіске жетті.

Өткен маусым қақпашы үшін МХЛ-да соңғысы болды. Осы маусымның басым бөлігін Денис «Номадта» өткізді, ол Жоғары хоккей лигасында дебют жасады. Алайда, қажетті сәттерде қақпашы «Снежные Барсы» кездесулеріне де тартылып, 7 матч ойнады.

МХЛ-да өзінің қорытынды ойынын 2020 жылдың 27 қаңтарында өткізді. Бұл кездесу ойыншы үшін МХЛ-да мерейтойлық жүзінші болды. Осы уақыт ішінде ол өз активіне 37 жеңіс (5 матч нөлге), 2853 сэйв және 2 нәтижелі беріліс қосты.

Енді спортшы өзін ересек деңгейде көрсете алады. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында Қаратаев «Барыспен» екі жақты келісімшартқа қол қойған болатын.

Денис Қаратаев МХЛ туралы:

- Лига маған құнды тәжірибе берді, мені ересектер хоккейіне дайындады. Бұл - барлық жас ойыншылар өтетін қадам. МХЛ-дағы алғашқы матч мәңгі есімде қалады. Мен ол кезде тым жас болдым. Әрине, мандраж болды, бірақ өте қызықты болды. Сондай-ақ, бірінші «сухарь» алған кезде ұмытылмас эмоциялар болды. «Снежные Барсы»-да жұмыс істеген бапкерлерге алғысымды білдіргім келеді. Олар мені көп нәрсеге үйретті, бұл тәжірибе маған алдағы мансапта керек болады.

МХЛ ресми сайтынан статистикалық деректер пайдаланылды

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Бөлісу: