9 наурызда болатын ойынға билеттердің сатылуы туралы білуге қажетті барлық мәліметтер
04 наурыз

9 наурызда Барыс-Аренада конференцияның ширек финалының  бесінші матчы "Металлургпен" өтеді. 

Серияның бесінші матчына  билеттердің жалпы сатылымы 6 наурызда басталады!

5 наурыз - Абонементтер иеленушілер күні, тек Барыс-аренаның кассаларында ғана өздерінің үйреншікті орындарын сатып ала алатын болады. МАҢЫЗДЫ! Орынды абонемент иесі абонементті кассада көрсету кезінде ғана сатып ала ала алады,  егер сіз өз орыныңызды 5 наурызда сатып алмасаңыз, онда ол орын жалпы сатылымға шығарылады.

Кейінге қалдырмаңыз, билеттеріңіз туралы алдын ала ойлаңыз.

Ойын 17:00-де басталады.

Билеттерді біздің tickets.hcbarys.kz сайтынан немесе Барыс-Арена кассаларынан, сондай-ақ басқа билет операторларының сайттарынан ( ticketon.kz / zakazbiletov.kz ) сатып алуға болады

Бөлісу: