ЖХЛ. "Ижсталь" - "Номад" 2:3 (+ жаттықтырушылардың түсініктемелері)
16 қазан

"Ижсталь" мен "Номад" арасындағы жарыста Нұр-Сұлтанның командасы 3:2 есебімен қайсарлықпен жеңіске жетті.  "Көшпенділердің" құрамында Дмитрий Бухряков, Валентин Разумняк және Алексей Скабелка ерекше көзге түсті. Қақпашы Владимир Крамарь қақпаға 27 соққыға тойтарыс берді.

Юрий Михайлистің қарамағындағылар келесі жарысты 18 қазанда "Молота-Прикамья" қарсы Пермьде өткізеді.

"Ижсталь" – "Номад" 2:3 (1:0, 1:2, 0:1)

02:44 – 1:0 – Макаров (Виноградов)

26:01 – 1:1 – Бухряков (Гурин, Муратов) ГБ

29:42 – 2:1 – Лаута (Манукян)

35:36 – 2:2 – Разумняк (Александров)

53:18 – 2:3 – Скабелка

Қақпашылар: Долганов – Крамарь

ЮРИЙ МИХАЙЛИС, "Номад" ХК бас жаттықтырушысы

- Күштік айқастың көп болуымен жақсы ойын болды. Сырғанау көп болды. Шындығында, біз барлығына төтеп бердік. Қарсыластың бірінші кезеңде гол соғуға көп мүмкіншілігі болды. Біз төзе білдік, сол себепті жолымыз болды – үшінші гол. Қарсыластың қақпасында алдында біздің шабуылшы Андрей Рунов өте керемет ойнады – қақпашының алдын жапты. Мен жігіттердің соңына дейін шыдамдылық танытқанына және есепті жеңіске дейін жеткізгеніне қуаныштымын.

Рамиль САЙФУЛЛИН,  «Ижсталь» ХК бас жаттықтырушысы:

- Бізде мынадай үрдіс қалыптасқан, сапардан бастап, міне қатарынан үшінші ойынды жақсы бастаймыз, көптеген сәттерді жасаймыз, гол соғамыз, ал сонан соң бірдеңе дұрыс болмайды деген қорқыныш пайда болады. Сәттілікке қол жеткізгенде, екінші және үшінші голды соға аласыз, неліктен біз мұны жасай алмаймыз - іске асыру ақсап тұр. Осы қорқақтық пен қандай да бір сасқалақтық бізге өзіміз бастағандай ойнауға кедергі келтіруде. Менің тағы кейбір жігіттер біздің командада осы лига үшін сіңірген еңбектері бойынша емес, олар хоккейде болғысы келеді, одан алып кеткісі және бір нәрсені алып қалғысы келетіні сияқты ойым бар. Алайда хоккейге екі реттен көп беруің керек – ал бұл көбінде жоқ. Тиісінше, біз өзгерістер болатын селекциялық жұмысты жүргіземіз. «Уақытын әдемі өткізгісі» келетін жігіттерді шығарып тастаймыз. Бізде үш-төрт звено қалсын, бірақ бұл «шайқасуға» дайын және де ойыннан кейін жанкүйерлерге ұялмай шығатын жігіттер. Әрине, үшінші кезеңде голға дейін ойнады, бірақ біз өзіміз қақпашының көрінуіне бөгет болдық. Нашар ойнап шықты.

"Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Бөлісу: