Саян Данияр «Барыста» екі жыл
22 мамыр

Саян Данияр «Барыстың» ұсынысын қабылдап, клубпен келісімшартты ұзартты. Екі жақты келісім 2022 жылғы 30 сәуірге дейін екі маусымға есептелген.

Өткен маусымда шабуылшы үш түрлі лигада ойнады. Маусымның негізгі бөлігін ол «Номадта» өткізіп, команданың үздік бомбардирлерінің бірі болды. ЖХЛ-да шабуылшы 53 матч ойнап, 21 (12+9) ұпай жинады. Сондай-ақ, оның активінде ЖХЛ-да «Снежные Барс» үшін 5 матч (6 ұпай, 2+4) және ҚХЛ-да «Барыс» үшін 2 матч бар.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. 

Бөлісу: