Qyz. Томирис бірінші турдың қорытындысы бойынша көш бастады
31 қазан

Өскеменде Parimatch-Qyz Hokei Ligasy әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы туры аяқталды.

«Томирис» «Торпедо» командасын ірі есеппен жеңіп, турнирді аяқтады. Ойынның алғашқы кезеңінің өзінде елордалық ұжым қарсыластарының қақпасын төрт рет дәл көздеп, жеңіске деген ұмтылыстарын байқатты. Анна Жуланова хет-триктің авторы атанды, Ольга Широкова мен Нина Баранова болса қос шайбадан соқты.

«Томирис» - «Торпедо» 10:2 (4:0, 3:1, 3:1)

Матчта жасалған фотосуреттерді мына жерден табуға болады.

 

Осылайша, бірінші турдың қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер чемпионатында екі команда топ бастап тұр. «Томирис» пен «Айсұлу» командаларының әрқайсысы алты рет жеңіп, коржындарында 12 ұпайдан бар. Соғылған және жіберілген шайбалар айырмашылығының арқасында елордалық ұжым бірінші орынға табан тіреді.

 

Біздің команданың бірден екі өкілі өткен турнирдің үздік ойыншыларының тізіміне енді. Арина Щеколова Үздік қақпашы, ал Жанель Қозғұлова Үздік қорғаушы атанды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: