Qyz. Томирис – Айсұлу 2:3
26 қазан

Өскеменде хоккейден Қазақстан әйелдер чемпионатының бірінші турының алдын ала кезеңі аяқталды.

Турдың орталық кездесуінде «Томирис» командасы «Айсұлу» командасына есептегі минималды айырмашылықпен жол берді. Елордалық ұжымның қақпасына екі гол соғылған екінші кезең ойынның шешуші сәті болды. Біздің команда құрамында Дария Молдабай мен Александра Голотвина гол соқты.

«Томирис» - «Айсұлу» 2:3 (1:1, 0:2, 1:0)

Бүгінгі таңда турнир кестесінде «Айсұлу» көш бастап тұр. Оңтүстік астананың командасы барлық төрт ойында жеңіске жетіп, қоржынына сегіз ұпай салды. Кестеде командалар келесідей жайғасқан: «Томирис» (6 ұпай), «Торпедо» (4 ұпай) және «Жұлдыз» (2 ұпай). Осы төрт ұжым Өскеменде жарыс жолдарын жалғастыруда. «Юность-Грация» ұпай жинай алмай, алғашқы турды мерзімінен бұрын аяқтады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: