Металлург - Барыс бесінші матч: цифрлар мен және фактілер
11 наурыз

«Металлург» пен «Барыс» арасындағы Шығыс конференциясының ¼ финалының бесінші жекпе-жегінің статистикалық қорытындысын шығарамыз.

 Ағымдағы плей-оффта Кёртис Волк өзінің бірінші шайбасын салды.  Шабуылшы екінші кезеңнің ортасында басымдықпен ерекшеленді.

Серияда өзінің алғашқы матчын ойнаған Дмитрий Гурков тасталған шайбаның  71,4%-н  иеленді. Осы кеште Николай Прохоркин «Барыс» шабуылшысынан асып түсіп, ол  80% қарсыласуда  жеңімпаз болып шықты.

«Барыс» жеңілген матчта шайбаны (19 минут 15 секунд) көбірек иеленіп, қарсыласына жеткілікті шабуыл жасағанмен, әрекеттері жеңіске жеткізбеді.

Қорғаушы Алексей Маклюков пен Джесси Блэкер әрқайсы үш пасқа тосқауыл қойды – бұл екі команданың ойыншылары арасындағы ең жақсы нәтиже.

Дмитрий Шевченко төрт күштік әдіс көрсетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол Михаил Пашнинге ғана жол берді (5 Хит).

Мэттью Фрэттин осы ойында «Барыстың» ең жылдам ойыншысы атанды. Эпизодтардың бірінде ол 35,62 км жылдамдықпен ойнады.

«Барыс» ХК Бас әріптесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

 

 

Бөлісу: