Қазақстан жасөспірімдер құрамасындағы Барыс өкілдері
09 қараша

10-13 қараша аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U18) Минскіде өтетін «Спорт клубы Президентінің кубогы» турниріне қатысады. Біздің команда Ресей U16, Беларусь U18 және Ресей әйелдер құрамасымен ойнайтын болады. Турнирге баратын ойыншылар тізімінде 23 хоккейші бар, олардың басым бөлігі «Барыс» жүйесінің өкілдері болып табылады.

Қақпашылар: Владимир Истомин, Владимир Никитин (екеуі де – «Барыс»).

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Александр Диде, Глеб Лукавенко, Диар Манаш, Мстислав Шипилин (бәрі – «Барыс»), Бейбарыс Оразов («Астана»)

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Арыстан Амырқанов, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Артем Кошевник, Егор Левковец, Александр Мигунов, Даниил Надейкин, Альмир Оразбаев, Семен Симонов, Никита Ситников (бәрі – «Барыс»), Әділ Бейсембаев («Астана»), Виталий Божко, Тимофей Симонов (екеуі де - «Қыран»).

Бас менеджер – Александр Корешков.

Бас жаттықтырушы – Сергей Старыгин.

Жаттықтырушылар- Алексей Обухов, Виктор Буялский, Алексей Кузнецов.

 

Матчтардың кестесі (басталуы Астана уақытымен)

10 қараша күні сағат 21:00-де Беларусь U18 – Қазақстан U18

11 қараша күні сағат 15:00-де Ресей U16 – Қазақстан U18

12 қараша күні сағат 15:00-де Қазақстан U18 – Ресей әйелдер құрамасы.

 

Дереккөз – ҚХФ баспасөз қызметі

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: