Петухов 2 жылға "Барысқа" келді
15 мамыр
«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Егор Петуховпен жаңа келісімге қол қойылғанын ресми түрде хабарлайды. Ойыншы екі жақты келісімшартқа 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 2 жылға отырды.
ҚХЛ дебюттік маусымында Петухов тұрақты чемпионатта және плей-оффта 45 ойын өткізді, жиынтығында 25 жасар шабуылшы 6(4+2) ұпай жинады, оның пайдалалық көрсеткіші +9.
Егор Петухов Қазақстан құрамасы сапындағы бірінші дивизионда Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.