ОСЫ АПТАДАҒЫ ҚХЛ ҮЗДІГІ
14 қараша

Құрлықтық хоккей лигасының үздік хоккейшісін анықтау жөніндегі комиссия, Ресей Чемпионатындағы статистикалық талдау негізіндегі ойыншылар мәліметі, ҚХЛ Орталық ақпарттық бюро үздік қақпашыны анықтады. Ол Хенрик Карлссон («Барыс»). Үш ойында ол үш рет жеңіске жетті. Соның екеуінде қақпаны голдан аман сақтап қалып, тек біреуінде ғана жалғыз шайба өткізген. Карлссон қақпаға бағытталған соққының 98,86 % қайтарған. Оның сенімділік коэффициенті 0,33 құрап отыр.

Бөлісу: