Линден Вей КХЛ-да 300 матч өткізді
14 қазан

Кешегі Владивосток қаласының «Адмиралына» қарсы матч «Барыс» капитаны Линден Вей үшін Континенталды хоккей лигасында 300-ші болды. Олардың 92-сін шабуылшы біздің команданың жейдесінде өткізді. Нәтижесінде, ол жалпы пайдалылық көрсеткіші +63 болған кезде нәтижелілігі үшін 224 (71 +153) ұпай жинады. Орта есеппен Линден мұз үстінде 18 минут 12 секунд өткізді, сондай-ақ, берілістің 54,3% жеңді.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: