КАРЛССОННЫҢ ЖЕКЕ РЕКОРДЫ
08 қараша

Өз айдынымызда «Медвешчак» командасына қарсы өткізген ойында  «Барыс» қақпашысы Хенрик Карлсон үшін чемпионат басталғалы бері бесінші рет қақпаны голдан аман сақтап қалып отыр. Осылайша қазақстандық команданың қақпашысы ҚХЛ гол өткізбеу бойынша өзінің жеке рекордын  жаңартты. Бұған дейін қақпашы 45 ойынның 4-уінде  қақпаға гол дарытпай  үздік нәтиже көрсеткен. «Барыс» сапында Хенрик Карлсон әзірге 22 ойын өткізді. Демек алдағы кездесулерде бұл нәтижені жақсартуға деген үміт зор.

Сонымен қатар бұл ҚХЛ чемпионаты аясында қақпаға шайба өткізбеудегі бойынша  клубтық рекордты қайталау болып отыр.  

Бөлісу: