Барыс-2010 командалары ҚР чемпионатындағы жарыс жолын бастады
13 қазан

Өскеменде «Мықтылар» тобында 2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры аяқталды. Осы жас санатында «Барыс» БЖСМ-ның бірден үш ұжымы өнер көрсетеді.

«Барыстың» бірінші құрамы бір ғана кездесуде жеңіліс тауып, 18 ұпай жинап, турнир қорытындысы бойынша екінші орынға табан тіреді. «Барыс-2» турды үш жеңіспен аяқтады (10 ұпай мен төртінші орын). «Барыс-3» үш жеңіске қол жеткізіп, тоғыз ұпаймен бесінші орынға табан тіреді. ҚР U-12 чемпионатын өскемендік «Торпедо» бастады, олар барлық ойындарда жеңіс тойын тойлады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: