КИРИЛЛ ПАНЮКОВ: «ЖІГЕРЛІ ОЙЫН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗДІ»
12 қазан

«Барыс» ХК 19-жастағы шабуылшысы Кирилл Панюков сырт айдындағы кезекті сериялық кездесудің басын жеңіспен бастап, «Тракторды» (4:3) ұтқандығын  айтып берді.  

— Біз белсенділігімізді арттырып, шайбаны бақылауда ұстадық. Ашылып ойнап, қақпаға соққылар бағыттай алдық. Осындай ойын өрнегінің арқасында нәтиже қол жеткіздік.

— «Барыс» шыққан бетте екі гол соқты «бір де нөл» - бұл қарсыластың қателегін тап басу үшін қойылған тапсырма ма, әлде сәттілік солай болды ма?

— Жігіттердің шеберлігі. Біз дұрыс позицияны таңдадық. Бағытталған соққыларға тосқауыл қойдық. Берілген мүмкіндіктерді жүзеге асырдық.

— Ойын соңында «Трактор»  есеп айырмасын қысқартқанда абыржу болды ма?

— Бапкер кейбір адамдарды отырғызды. Қолдан келгенше ұстап тұрды. Нәтижесінде жігерлі ойын жеңіске жеткізді. Ал мен соңында ойнаған жоқпын.

— Бұл сенің ҚХЛ 13-ші кездесуің. Командаға бойың үйреніп қалды ма?

— Барлық жігіттер жақсы қабылдады. Айтуларынша жақсы орнықтым.

— «Барыс» легионердері орыс тілін үйренген жоқ па?

— Жоқ. Тек орысша бір-екі сөз айтады. Оларға үйрену қажет емес те сияқты. Олармен тілдесе аласың ба десеңіз? Сәл-пәл ағылшынша сөйлесіп қоямын.

 — Андрей Назаровпен жазды күнгі «Барыс» жастарының жиынында жұмыс істедің бе. Ол туралы не айта аласың?

— Менің командаға келіп өзімді көрсетуге мүмкіндік берген жақсы бапкер. Ол кісі кеткеннен кейін негізгіге алындым. Оған дейін мен дайын болмаған да шығармын. Өйткені Назаров маған сенім артқан жоқ.

— ҚХЛ аластатылған Дамир Рыспаевтың жағдайы қалай?

— Оның жағдайы жақсы. «Номад» сапында жаттығып, Қазақстан чемпионатында ойнап жүр. ҚХЛ қайтып оралуға қадам жасап жатыр ма? Оның маған еш қатысы жоқ. Мен ол жағын білмеймін.

Дереккөз: allhockey.ru

Бөлісу: