ҚХЛ. Вей Барыста қалады
11 шілде

«Барыс» хоккей клубы Линден Веймен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Біржақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Шабуылшы өткен маусым барысында «Барысқа» оралып, қазақстандық ұжым құрамында ҚХЛ тұрақты чемпионатында 20 кездесу өткізді. Осы уақыт ішінде ол 12 (6+6) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде 5 матчта Вей өзі еншісіне 3 нәтижелі пасты жазды.

Алдағы маусым Линден үшін «Барыс» сапындағы үшінші маусым болмақ.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: