ҚХЛ. Плей-офф. Үшінші матч. Металлург-Барыс-1:2 ОТ
05 наурыз

"Барыс" пен "Металлург" арасындағы Гагарин Кубогының бірінші плей-офф раундының үшінші кездесуі Магнитогорскіде бейсенбі күні өтті. "Барыс" құрамында бірқатар өзгерістер болды – Алексей Маклюков, Дмитрий Шевченко және Павел Акользин демалыс алды, өтінімге Дмитрий Гурков, Кирилл Панюков және Егор Шалапов түсті.
Бірінші кезең тең есебімен өтті, алаң иелерінде кезеңнің ортасында жақсы мүмкіндік болды, бірақ Аркадий Шестаков ережені бұзып, Евгений Тимкиннің "1-ге 0" шығуын тоқтатты. Екінші кезеңде "Барыс" басым болды, бірақ тәжірибелі Василий Кошечкин мінсіз әрекет етті, ол өз қақпаларынан 17 лақтырысты кері қайтарды, алаң иелері Эдди Паскуалені төрт рет қана мазалады.
Өз аймақтарынан шыққан кезде ұқыпсыз әрекеттер үшінші кезеңде "Барыс" өткізіп алған голға алып келді – мұнда Мозякин ерекшеленді. "Барыс" бірден жауап қайтарды. Сан жағынан басым болып, Даррен Диц пен Линус Виделль капитан аяқтаған тамаша комбинацияны ойнатты.
Кездесу овертаймға өтті, бірінші ауысымда Линус Виделль "Барысқа" жеңіс әкелді.
Серияның төртінші матчы Магнитогорскіде сенбі күні өтеді, ойын "Металлург аренасында" сағат 18:00-де басталады. 

"Металлург – "Барыс" - 1:2 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 0:1)

1:0 Мозякин (Козун, Локтионов) 46:12
1:1 Диц (Виделль) 48:47 КГ
1:2 Виделль 60: 31

Қақпашылар: Кошечкин-Паскуале
 Металлург аренасы. 6821 көрермен.

"Барыс" ХК Бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.

 

Бөлісу: