ҚХЛ. Локомотив – Барыс 0:1 Б
27 қыркүйек

«Барыс» сыртта өтетін ойындар сериясының екінші матчында «Локомотив» командасын буллиттер сериясында жеңді.

Линден Вей «Северсталь» командасына қарсы өткен ойынды өткізіп алған соң құрамға оралды. Егор Шалапов Самат Даниярды алмастырды. Қақпаны алғашқы минуттардан бастап Никита Бояркин қорғады.

Бірінші кезеңде көпшілікте екі рет ойнаған қожайындар белсенді болды. Бірақ үзіліске командалар есеп ашпастан кетті. Екінші және үшінші кезеңдерде ойын өрнегі өзгерген жоқ. «Локомотив» кездесу барысын бақылап, қонақтар болса өз қақпаларын сәтті қорғап жатты. Нәтижесінде, көрермендер қазақстандықтар қарсылас қақпасын дәлірек нысанға алған буллиттер сериясын көрді. Жеңісті шайба Никита Михайлистің есебінде. Никита Бояркин маусымда екінші рет қақпасына гол жібермеді, бүгін ол қақпасына бағытталған 32 соққыға тосқауыл болды.

26 қыркүйек күні «Барыс» Мәскеуде «Спартакпен» өтетін матчпен сырт айдындағы ойындар сериясын жабады.

«Локомотив» – «Барыс» 0:1 (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 65:00 – Михайлис Б

Қақпашылар: Исаев – Бояркин

«Арена-2000». 4296 жанкүйер

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: