ҚХЛ. Линден Вей «Барысқа» оралды
10 қараша


СКА мен «Барыс» арасындағы алмасу аясында қазақстандық клуб құрамын шабуылшы Линден Вей толықтырды. Біржақты келісім ағымдағы маусымның соңына дейін (2022 жылғы 30 сәуірге дейін) көзделген. СКА ҚХЛ аясында «Барыспен» 2013 жылы драфтталған шабуылшы Каспери Капаненге спорттық құқықтарды алатын болады.

Вей біздің команданың құрамында 2017-18 жылғы маусымда өнер көрсетті. Дәл осы кезеңде ол Олимпиада ойындарында Канада құрамасында ойнады және өз командасына қола медаль жеңіп алуға септігін тигізді.

Соңғы үш жыл ішінде Линден алдымен мәскеулік, содан кейін Санкт-Петербург әскерилердің түстерін қорғады. ЦСКА құрамында форвард Гагарин Кубогының иегері атанды. ҚХЛ ағымдағы маусымында спортшы СКА үшін 21 матч ойнап, 11 (5+6) ұпай жинады.

Ойыншы халықаралық үзілістің аяқталуына қарай «Барыстың» сапына қосылады деп күтілуде. «Барыста» Вей 19 нөмірмен өнер көрсететін болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Бөлісу: