КХЛ. Шығыстың ¼ финалы. Металлург – Барыс. №5 матч
10 наурыз

Бүгін Магнитогорскіде «Металлург» пен «Барыс» арасында ҚХЛ Шығыс конференциясының ¼ финал сериясының бесінші матчы өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, төртінші кездесуде 4:2 есебімен Юрий Михайлистің ұжымы  жеңіске жеткен болатын. «Барыс» сапында қақпаға салған шайбаларымен Мэттью Фрэттин, Джесси Блэкер, Роман Старченко және Кирилл Панюков ерекшеленді. Жеңілген командада Николай Прохокин мен Николай Голдобин ерекшеленді.

Төртінші жекпе-жектің нәтижелері бойынша қызықты деректерді келесі сілтемеден табуға болады.

Ағымдағы плей-офф ойынындағы командалардың үздік бомбардирлері: Николай Голдобин (6 ұпай, 4+2) – Кирилл Панюков (6 ұпай, 3+3).

Жарақат алған ойыншылар (9 наурыз күні кешкі жағдай бойынша): Богдан Потехин (шабуылшы)- Виктор Сведберг (қорғаушы), Леонид Метальников (қорғаушы), Әлихан Әсетов (шабуылшы)

Серия есебі: 2-2 (7:4, 1:2 ОТ, 2:1, 2: 4)

🕔  «Металлург аренасында» өтетін серияның бесінші матчы  елорда уақытымен сағат 20:00-де басталады.

📺 Тікелей көрсетілім Qazsport және ҚХЛ ТВ HD-да өтеді.

🔴 Fonbet -  ресми букмекерлік компаниясы алдағы «Барыс» ХК матчына  келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 1,85 | Х – 3,95 | П2 - 3,85..

«Барыс» ХК Бас әріптесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: