ҚХЛ. ¼ Шығыс финалы. Барыс – Металлург. №6 матч
12 наурыз

Бүгін Нұр-Сұлтанда  «Металлург» пен «Барыс» арасында ҚХЛ Шығыс конференциясының ¼ финалы сериясындағы алтыншы матчы өтеді.

Еске сала кетейік, бесінші кездесуде 5:1 есебімен Магнитогорск командасы жеңді. Илья Воробьевтің командасына жеңісті Сергей Мозякиннің, Николай Прохоркиннің, Николай Голдобиннің, Тейлор Бек пен Деннис Расмуссеннің дәл соққылары әкелді. «Барыс» сапындағы жалғыз шайбаның авторы Кертис Волк болды.

Бесінші жекпе-жектің қорытындысы бойынша қызықты деректерді келесі сілтеме бойынша табуға болады.

Қазіргі плей-офф ойынындағы командалардың үздік бомбардирлері: Николай Голдобин (8 ұпай, 5+3) – Кирилл Панюков (6 ұпай, 3+3).

Жарақат алған ойыншылар (11 наурыз күні кешке): Богдан Потехин (шаб.) - Виктор Сведберг (қорғ.), Леонид Метальников (қорғс.), Әлихан Әсетов (шаб.)

Серия есебі: «Металлургтің» пайдасына 3-2 (7:4, 1:2 ОТ, 2:1, 2:4, 5:1)

🕔 Серияның алтыншы матчы «Барыс-Аренада» елорда уақытымен 19:30-да басталады.

📺 Тікелей көрсетілім Qazsport және ҚХЛ ТВ HD арналарында.

🔴 Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа мынадай коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,65 | Х – 4,00 | П2 - 2,35.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: