КХЛ. ¼ Шығыс финалы. Барыс – Металлург. №4 матч
08 наурыз

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Металлург» пен «Барыс» арасындағы ҚХЛ Шығыс конференциясының ¼ финал сериясының төртінші матчы өтеді.

Еске сала кетейік, үшінші кездесуде Магнитогорск ұжымы серияда алға шығып, жеңіске жетті (2:1). Жеңімпаздар қатарында шайбаны қақпаға кіргізгендер Николай Голдобин мен Егор Мартынов. «Барыс» салған жалғыз шайбаның авторы Якоб Лилья болды.

Үшінші жекпе-жектің қорытындысы бойынша қызықты деректерді келесі сілтеме бойынша табуға болады.

Қазіргі плей-офф ойынындағы командалардың үздік бомбардирлері: Николай Голдобин (4 ұпай, 3+1) – Кирилл Панюков, Даррен Диц (екеуі де 4 ұпайдан, 2+2).

Жарақат алған ойыншылар (7 наурыз күні кешке): Богдан Потехин (шаб.) - Виктор Сведберг (қорғ.), Леонид Метальников (қорғ.), Әлихан Әсетов (шаб.).

Серия есебі: 2-1 (7:4, 1:2 ОТ, 2:1)

🕔 Серияның төртінші матчы «Барыс-Аренада» елорда уақытымен 17:00-де басталады.

📺 Тікелей көрсетілім Qazsport және ҚХЛ ТВ HD-да өтеді.

🔴 Fonbet - ресми букмекерлік компаниясы алдағы «Барыс» ХК матчына келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,75 | Х – 3,95 | П2 - 2,30.

«Барыс» ХК Бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Бөлісу: