ҚХЛ. Барыс – Металлург 4:2 (серия есебі 2-2)
08 наурыз

ҚХЛ Шығыс конференциясының ширек финалының сериядағы төртінші матчында «Барыс» «Металлургті» жеңді.

Қонақтар ойынның басында есеп ашты - Николай Прохоркин басымдықта шайбыны қақпаға кіргізді. Бірінші үзіліске бір секунд қалғанда Мэттью Фрэттин шабуыл нәтижесінде таблодағы есепті теңестірді. 25-минутта Николай Голдобин айдынның көк сызығынан қақпаға дәл соққы бағыттап, екінші рет Ортиодан айласын асырды. Джесси Блэкер тез арада сол жақ борттан шайбыны қақпаға лақтырып, есепті теңестірді.

Үшінші кезең тартысты өтті. Роман Старченко басымдықты пайдаланып, айласын жүзеге асырды. Соңғы минутта Кирилл Панюков қонақтардың бос қақпасына соққы жасап, қорытынды есепті орнатты.

10 наурызда командалар Магнитогорск қаласында ¼ финалдың бесінші жекпе-жегін өткізеді. 12 наурызда серия Қазақстан астанасына оралады. Алтыншы матч Нұр-Сұлтанда өтеді.

«Барыс» – «Металлург» 4:2 (1:1, 1:1, 2:0)

0:1 – 03:33 – Прохоркин (Хольм, Голдобин) ГБ

1:1 – 19:59 – Фрэттин (Вароне, Панюков) ГБ

1:2 – 24:03 – Голдобин (Прохокин, Пашнин)

2:2 – 26:58 – Блэкер (Виделль)

3:2 – 52:38 – Старченко (Волк, Михайлис) ГБ

4:2 – 59:20 – Панюков (Ортио) ПВ

Қақпашылар: Ортио - Олкинуора

Серия есебі 2-2

 «Барыс-Арена».  3300 көрермен

Бөлісу: