ҚХЛ. «Барыс» – «Динамо Рига». Матч алдында
16 қазан

«Барыс» өз алаңында ригалық  «Динамоға» қарсы матчтар сериясын жалғастыруда. Дүйсенбі күні біздің команда овертаймда «Адмиралға» жол беріп, жеңіс сериясын ұзарта алмады – 0:1. «Барыс» қонақтардың қақпасына 45 шайба бағыттаған болатын. Сонымен қатар, Эдди Паскуале 17 «сейв» жасады, бірақ овертаймның бірінші ауысымда Маркус Юнг шайбаны дөп тигізгеннен кейін команданы жеңіске шығара алмады. Шығыс Конференциясының кестесінде «Барыс» үшінші орында тұрақтап – 16 матчта 23 ұпай жинады. Егер Егор Шалапов мұзға бүгін шығатын болса, онда ҚХЛ тұрақты чемпионаттарында 100-ші матч өткізетін болады. Жарақат алғандардың тізімінде Виктор Сведберг пен Валерий Орехов, шабуылшы Дастин Бойд бар.

 Ригалық «Динамо» Қазақстанға Челябинскіден келді. Дүйсенбі күні Гиртс Анкипанстың командасы жергілікті «Трактор» командасын –4:3 есебімен жеңді. Қақпашы Андрей Макаров 22 рет шайбыны қайтарды, ал команда капитаны Лаурис Дарзиньш 3 (2+1) ұпай жинады. Сондай-ақ үш ұпай жинаған Брэндон Макмиллан да жеңіске елеулі үлес қосты. Батыс кестесінде «Динамо» соңғы орында тұр – 17 ойында 10 ұпай жинады. Жарақат алғандардың тізімінде қорғаушы Кристапс Зиле бар.  

Матч «Барыс Аренада» астаналық уақыт бойынша сағат 19:30-да басталады.
Тікелей трансляцияны Qazsport, КХЛ-ТВ және КХЛ-ТВ HD телеарналары жүргізеді.
Жанкүйерлер үшін аренаға автобустар ұйымдастырылады.
Ұтысты ойындар мен билеттер туралы ақпаратпен осында танысуға болады.
Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттер ұсынады: П1 - 1,37 | Х - 5,50 | П2 - 7,00. Толығырақ мына сілтеме бойынша


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Бүгін ригалық «Динамоны» қабылдаймыз.
Матч «Барыс Аренада» астаналық уақыт бойынша сағат 19:30-да басталады.
Тікелей трансляцияны Qazsport, КХЛ-ТВ HD және КХЛ-ТВ телеарналары жүргізеді.
Аренаға жеткізетін автобустар, ұтыс ойындары мен билеттер туралы ақпарат осында қолжетімді.

Бөлісу: